Фейк жаңалықтың кейіпкері болу әп-сәтте

Бреннан Гилмор әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін елеусіз өмір сүрген. Вирджинияда дүниеге келген, жергілікті университетті бітірген, конфликті аймақтарында кадр жөніндегі маман болып істеген. Бреннан 2017 жылдың 12 тамызында Туиттер желісінде Шарлоттсвиллдегі наразылық шарасынан видео жариялайды. Онда автокөліктің наразылық көрсетуші топты барып соққаны бейнеленген. Гилмор жазбаны саларда оған аздап күмән келтіреді. Дегенмен, оқиға туралы неше түрлі әңгімені естіп, митинг туралы көрген-білгеніне назар аудара отырып, жариялау керек деген шешім қабылдайды. Содан бері Бреннанға маза жоқ.

Оқиға болғаннан кейінгі үш аптаға толар-толмас уақытта оның әлеуметтік желідегі аккаунттарына бірнеше рет шабуыл жасалған. Ал электронды поштасына ағылып келіп жатқан хаттарда жұрт оның Орталық барлау басқармасымен, Хилари Клинтонмен, Барак Обамамен, Дүниежүзілік банкпен, Джордж Сороспен, тіпті, еврей мафиясымен байланысы бар екенін айтып айыптайды (ал Гилмордың өзі таңдау әркімнің еркінде дейді). Ультраоңшылдар мен неонацистердің сайттарында да түрлі конспирологияға толы теориялар жарық көруде. Олардың бірі Гилмордың және оның жақындарының мекен-жайын да жариялаған. Бреннанның ата-анасының үйіне пошта арқылы белгісіз ақ ұнтақ пен хат жолданыпты, хатта төрт жол өлең жазылған, «осы ұнтақпен бірге тозақта жаныңдар!» делінген. Ұнтақ улы емес болып шықты, дегенмен, қазір оның үйін полицейлер күзетеді.

Бреннан митингіге азаматтық борышын өтеу үшін саналы түрде барғанын айтады. «Нәсілшілдерге бірінші кезекте ақ адамдар қарсылық көрсетуі керек», – деп есептейді Бреннан. Америкалық телеарналар мен газет-журналдарға берген ондаған сұхбатында шерушілерді қағып өлтіргені үшін ұлтшылдар кінәлі екенін бірнеше рет айтқандықтан, Гилмор өз ұстанымын анық жеткізе білдім деп ойлаған.

 

Фейк жаңалықтың кейіпкері болу әп-сәтте
Аудармасы: «Бреннан Гилмор куәгер ме, қатысушы ма?». Дереккөз: Youtube

Алайда, Бреннанға қатысты жалған ақпарат пен теория күн санап көбейе берді. Бастапқыда логотипінде америкалық арнайы жасақтың атып жатқаны бейнеленген күмәнді сайттарда жарияланса, арада апта өткенде мейнстримге көшкен. Әңгіме Трампқа дейін жеткен. Оңшыл көзқарасымен мәлім Алекс Джонстың радиошоуында қонақ болған Трамп Гилмордың шеруге шығуға актерларды жалдағанын, соққының режиссері де сол екенін, ал енді солшыл баспасөзбен бірігіп алып, жұрттың бәрін шатастырып отырғанын жазады. Ал тағы бір танымал ток-шоу жүргізушісі Шон Хэннети наразылық шеруіне шыққандардың ол үшін ақы алғанын мәлімдейді. Республикашыл конгрессмен Луи Гомер бұл тұрғыза федералдың тергеу жүргізуге шақырды.

Politico Magazine басылымына берген сұхбатында Гилмор ойдан шығарылған дүниені оқып, оған сенудің қажеті жоқ екенін айтады. «Әдетте ұлтшылдарды жаман адамдар деп біледі. Ал мен бар болғаны солардың бірі жасаған террорлық шабуылдың куәгері болдым. Жұрттың назарында болғым келген жоқ. Бірақ, солай болып қалды. Енді бұл туралы айтуға қорықпайтын миллиондаған америкалыққа қосыламын», – дейді ол.

Аударған Жұлдыз Әбділда

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz