ФЕЙК | Egov ақша таратып жатыр

Қазақстандықтардың WhatsApp мессенджерлеріне бірнеше күннен бері eGov.kz сайтынан 650 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат алуға болатындығы туралы хабарлама келіп жатыр. Тегін ақша 1991 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықта  Қазақстанда немесе Ресейде жұмыс істеген адамдарға арналады-мыс. Хабарлама мәтіні бойынша, қолданушылар тізімнен өз аты-жөнін тексеру үшін бар болғаны қысқаша сауалнамадан өтуі тиіс.

ФЕЙК | Egov ақша таратып жатыр

Үкім: ФЕЙК

EGov.kz электрондық үкімет порталынан ақша алу туралы хабарлама шындыққа жанаспайды.

2018 жылдың 22 тамызында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақша таратылып жатқандығы туралы хабарламаны жоққа шығарды. ҰАТ жалған ақпаратқа сенбеуге және түрлі арандатуға ермеуге шақырады.

ФЕЙК | Egov ақша таратып жатыр
“ҰАТ” АҚ-ның facebook парақшасынан скрин

Оқи отырыңыз: 

Журналист factcheck.kz

Factcheck.kz