23 тамызда «Жастар Рухы» жастар саяси лагерінің жиыныны өтті. Жиын барысында АЭС салу мәселесіне қатысты бірнеше мәлімдеме айтылды. Жиынға қатысушылардың бірі ғалым Нұрхат Жәкиев Қазақстанда энергияның 80%-ке жуығы көмірден алынады және атом энергиясын пайдалану мәселенің шешімі екенін айтса, Атырау университет проректоры Асхат Шүкіров АЭС пайдаланатын әлемнің 32 еліне дүниежүзілік экономиканың жартысы тиесілі дейді. Factcheck.kz жиында АЭС-ке қатысы айтылған деректердің рас-өтіріген тексеріп көрді.
Мәлімдеме: Өз сөзінде ғалым Нұрхат Жәкиев Қазақстандағы энергияның 80%-ға жуығы бүгінде көмір арқылы өндірілетініне және атом энергиясын пайдалану осы жағдайдан шығудың ең тиімді жолы екеніне назар аударды.
parlam.kz
Үкім: Дәлелденбеген
Ourworldindata дерегіне сәйкес 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы энергияның 66,66%-і көмір арқылы өндіріледі. 7 маусымда өткен көмір өнеркәсібі форумында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков көмір өнеркәсібі электр энергиясының 70%-тен астамын өндіретінін айтты.
Ourworldindata статистикасына сай, 2013 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы көмір арқылы энергия өндіру үлесі төмендегені байқалады. Алайда, кейінгі 10 жылда өндірілетін энергиядағы көмірдің үлесі 80%-ке жақындаған дерек тіркелмеген.
Мәлімдеме: Ал жас ғалым, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің проректоры Асхат Шүкіров бүгінде атом электр станцияларын пайдаланатын әлемнің 32 еліне дүниежүзілік экономиканың және әлем халқының тең жартысы тиесілі екенін атап өтті. Бұған қоса, әлемдегі экспорттық тауарлардың 70%-ын осы елдер өндіреді.
parlam.kz
Үкім: Шындыққа жақын және Манипуляция
Несі шындық: Атом қуаты халықаралық агенттігінің дерегіне сай, қазірде әлемнің 32 елінде (Тайваньды қоса алғанда) 415 ядролық реактор жұмыс істеп тұр. Атом энергиясын пайдаланатын мемлекеттер қатарында АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония сияқты алпауыт елдер бар.
2023 жыл бойынша атом энергиясын пайдаланатын мемлекеттерге әлем экономикасының 73,9%-і тиесілі. Жалпы алғанда 32 мемлекеттің экономикалық жағдайы 77 трлн доллар. Сондай-ақ осы мемлекеттерге әлемдік экспорттың 45,6%-і тиесілі (Жапония мен БАӘ көрсеткішін есептемегенде*). Ал осы 32 мемлекеттің жалпы халық саны 4,6 млдр, бұл әлем халқының шамамен жартысынан көп немесе 58%-і.
*Жапония мен БАӘ 2023 жыл бойынша экспорттық деректері жаңартылмаған, сол себепті бұл мемлекеттердің деректері есептелмеді.
Несі манипуляция: Мәлімдеме айтылған деректердің шындыққа жақын болғанымен, автордың бұл көрсеткіштер мен АЭС-ті пайдалануы арасында логикалық айла бар.
Бұл мәлімдеме атом электр станцияларын пайдалану экономиканың, халық саны және экспорттың жоғары болуына тікелей әсер етеді деген ой қалдырады. Алайда, мұнда себеп-салдар байланыс жоқ, корреляция болуы мүмкін. Яғни, экономиканың дамуы мен атом энергиясын пайдаланудың арасыда тікелей байланыс жоқ. Оған қоса, атом энергиясы ел экспорттын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі фактор емес.
International Atomic Energy Agency статистикасында ең көп ядролық реактор АҚШ-та (94 ядролық реактор) екені көрсетілген. Одан кейінгі орындарда Қытай мен Франция, бұл елдерде 56 ядролық реактор бар. Атом энергетикасы әлемдегі электр энергиясының шамамен 10%-ін қамтамасыз етеді.