Фактчек | Қоңыровтың экспорт, өңдеу өнеркәсібі және «Бәйтерек» туралы айтқаны

22 сәуірде парламент мәжілісінің отырысында «Халықтық коммунистер» фракциясының депутаты Айқын Қоңыров премьер-министр А.Мамин мен Ұлттық банк төрағасы Е.Досаевтың атына сауал жолдады. Ол екінші индустриалды-инновациялық бесжылдықта экономика саласында сапалы даму болмағанын және («Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингін еске салып) Қазақстанға әлемдік рецессия қаупі жағдайында экономиканы қаржыландыру жүйесін қайта ұйымдастыру керек екенін атап өтті. Мәлімдемесін талдаймыз.

Мәлімдеме: «Өкінішке қарай, нақты өткізу нарығының шеңбері бұрынғыдай шектеулі, жеткізу де осындай жағдайда…»

Айқын Қоңыров екінші индустриалды бесжылдық қорытындысы туралы

Үкім: Шындық

Оның сөзінен әңгіме екінші индустриалды бесжылдық қорытындысы туралы болып отырғаны түсінікті. Еске сала кетейік, 2019 жылдың соңында мұндай қорытынды жасалды. Егер 2015 жыл (бесжылдықтың басы) мен 2019 жылды салыстыратын болсақ, шынында экспорттың тауар құрылымында көп нәрсе өзгермеген. Біз бұрынғыша, негізінен, минералды шикізатты өткізу орындарына экспорттаймыз.

2020 жылдың қаңтарындағы экспорттың тауарлық құрылымы (ҚР ҰЭМ жанындағы Статистика комитетінің мәліметі)

Фактчек | Қоңыровтың экспорт, өңдеу өнеркәсібі және «Бәйтерек» туралы айтқаны

2015 жылдың қаңтар-шілде аралығындағы экспорттың тауарлық құрылымы

Фактчек | Қоңыровтың экспорт, өңдеу өнеркәсібі және «Бәйтерек» туралы айтқаны

Экспорт 1 және Экспорт 2 деген кестелерде алғашқы және екінші индустриалды бесжылдықта және осы кезеңдердің соңында қанша пайда әкелгені көрсетілген:

Фактчек | Қоңыровтың экспорт, өңдеу өнеркәсібі және «Бәйтерек» туралы айтқаны
“Экспорт 1” кестесі

Алғашқы бесжылдықтың басында экспорт 60 270,8 млн USD құраған, екінші бесжылдық басында – 45 955,8 млн, ал 2019 жылы – 57 722, 9 млн. Мұнда өзіндік даму және құлдырау кезеңдері болды. Мысалы, 2012 жылы – 86,4 млрд USD, ал 2016 жылы – 36,7 млрд. Бірақ жалпы алғанда жағдай өзгерген жоқ – біз шикізатты сатамыз.

Фактчек | Қоңыровтың экспорт, өңдеу өнеркәсібі және «Бәйтерек» туралы айтқаны
“Экспорт 2” кестесі

Енді анықтама ретінде өнімді экспорттайтын елдер туралы айтайық. Визуализация сөзден де жақсы түсіндіреді.

2015 жыл:

Фактчек | Қоңыровтың экспорт, өңдеу өнеркәсібі және «Бәйтерек» туралы айтқаны

2019 жыл:

Фактчек | Қоңыровтың экспорт, өңдеу өнеркәсібі және «Бәйтерек» туралы айтқаны

Екі жағдай шамамен ұқсас. Бірақ сізді нақты деректер қызықтырса қазақстандық статистиканы көруіңізге болады: 2019 жыл, 2015 жыл.

Мәлімдеме: «Сонымен қатар, екінші бесжылдықта өңдеу өнеркәсібіндегі жұмыс орны неге 46 мыңға ғана көбейіп, ал орташа жалақы доллар эквивалентінде 25%-ға төмендегені туралы сұраққа жауап табылмады».

Айқын Қоңыров – үкімет пен ҚР Ұлттық банкіне сауалында

Үкім: Техникалық қате (бірақ жалпы мәжілісмен дұрыс айтты)

ҚР Статистика комитетінің 2010-2019 жылдардағы Экономикалық қызмет түрлері және аймақтар бойынша жұмыспен қамтылған халық жинағын қараймыз:

2015 жылы аталған салада 552,6 мың адам еңбек етті, ал 2019 жылы – 583,6 мың. Осылайша, бесжылдық жылдарында жұмыс орны 31 мың адамға ғана көбейді, тіпті 46 мыңға да емес. Естеріңізге сала кетейік, мәлімдеме контексті екінші бесжылдық қорытындысына, яғни 2019 жылғы нәтижеге қатысты болатын.

2018 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі жалдамалы жұмысшының орташа айлық жалақысы – 186 041 теңге (Қазақстан сандармен жинағы, өкінішке қарай 2019 жылға қатысты мәліметті таппадық). 2015 жылы (Қазақстан сандармен жинағы) өңдеу өнеркәсібіндегі орташа жалақы 137 385 теңге болатын.

Курсты ҚР Ұлттық банкінің сайтынан қараймыз. 2015 жылы (жыл соңында) бір  доллар 339,47 теңге болған, ал 2018 жылдың соңында 384,2 теңге болды. Осылайша, 2018 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі орташа жалақы 484,2 USD доллар, 2015 жылы 404,7 болған. Еске сала кетсек, 2015 жылдың басында курс 182,34 теңге, ал тамызда – 188 теңгені құрады.

Егер девальвацияға дейінгі жағдай (2015 жылдың тамызына дейін) бойынша айтар болсақ, иә, ол кезде жалақы 750-730 долларды құраған. Дегенмен, біз өз есептеулерімізде жыл соңындағы курсты негізге аламыз, ал статистика комитеті жыл қорытындысы бойынша  орташа мәліметті береді. Оған қоса, девальвацияның өңдеу өнеркәсібі жұмысшыларына ғана емес, барлық қазақстандықтарға әсері болды.

Айқын Қоңыровтың екінші индустриалды-инновациялық бесжылдық қорытындысы бойынша премьер-министрге жолдаған бұрынғы сауалында аталған кезеңде жалақы доллармен есептегенде 730-дан 540 долларға дейін қысқарғанын айтқан. Өкінішке қарай, осы салада жұмыс істейтіндер 730 долларды тек 2015 жылдың тамызына дейін ғана алды.

Мәлімдеме: «Кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік институттарды біріктіретін «Бәйтерек» холдингі өткен жылы таза табысы 40 миллиард теңге болды деп есеп берді».

Айқын Қоңыров

Үкім: Шындық

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпхановтың Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында (18.02.2020 ж.) жасаған баяндамасында дәл осы сан айтылды.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz