Фактчек | «Қазақ Қызы» институты және мемлекеттік бюджет

Астаналық мәслихат депутаты Қарақат Абден «Сен қазақ қызысың. Мақтан ет» кітабын шығарды, содан кейін қоғам депутат қызметіне және ол басшылық ететін «Қазақ Қызы» институтына қызығушылық танытты. (Қарақат Әбденнің биографиясымен мәслихат сайтынан толық танысуға болады)

Белсенді Фариза Оспан «Қазақ Қызы» институты мемлекеттік сатып алу арқылы алатын келісім-шарт соммасын жариялағанда көпшіліктің қызығушылығы одан да арта түсті.

Фактчек | «Қазақ Қызы» институты және мемлекеттік бюджет

Содан кейін мәдени-инабаттылық бюджетіне қатысты жариялымдар анонимді телеграм-арналардың біріндегі ақпаратпен толықты (төменнен қараңыз). Сол себепті біз пікірлерді саралап, мәслихат депутаты жобаларының мемлекеттік сатып алуға қандай қатысы бар екенін анықтауға тырыстық.

kompra.kz сайтының мәліметі бойынша Қарақат Әбден төмендегі мекемелерде бірінші басшы және құрылтайшы:
–  «Нұр Бөбек» ЖШС-і — балабақша
– «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институты»

Фактчек | «Қазақ Қызы» институты және мемлекеттік бюджет

Екі ұйым да жергілікті бюджеттен ақша алады. Оған goszakup.gov.kz порталының мына және мына жерінен көз жеткізуге болады. Барлық сатып алу бір жерден бәсекесіз жолмен берілген.

«Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институты»

Фактчек | «Қазақ Қызы» институты және мемлекеттік бюджет

«Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институты» ҚҚ қыздарды мәдени-инабаттылыққа тәрбиелейтін ақылы курстар өткізеді. Депутат Қарақат Абденнің сөзі бойынша, институт жеке инвестицияларға құрылған. Институттың тіркелген мерзімі — 2014 жыл.

«Қазақ қызы» институтының белсенділігіне қатысты бірқатар мәлімдемелер Nonamestan телеграм-арнасында жарияланған:

Фактчек | «Қазақ Қызы» институты және мемлекеттік бюджет

Ендеше сол мәлімдемелерді талдап көрейік:

«Қазақ қызы» ҚҚ 413 мемлекеттік келісім-шарт жасаған. Олардың барлығы астана мектептері мен қалалық білім басқармасы.

Үкім: Шындық

Шамалы түзету – «Қазақ қызы» ҚҚ 413 келісімшарт емес 412 шарт жасаған (мемлекеттік сатып алу порталының мәліметі бойынша). Тапсырыс берушілер қатарында астана мектептері мен Нұр-Сұлтан қаласы білім беру басқармасы бар.

Соңғы үш жылда Абден кеңсесі мемлекеттік келісімшарттардан 326 226 740 теңге тапқан. Келісімшарт соммалары 6 мыңнан басталып, 35 миллионмен аяқталады.

Үкім: Манипуляция

Соңғы үш жылдағы келісімшарттың жалпы сомасы расымен 326,2 млн теңгені құраған. Бірақ үзілген шарттарды есептесек, депутат кеңсесінің табысы 197 млн теңге. Сонымен қатар, біз бұл соманы «таза табыс» деп айта алмаймыз, өйткені салық төлемдерін, жалға алу және ұйымның басқа да шығындарын ескеру керек.

… мектептерде «Қазақ Қызы» журналы сыныптан тыс оқу үшін беріледі. Астананың барлық жалпы білім беретін мекемелері журналмен қамтылған секілді.

Үкім: Шындық

Нұр-Сұлтанда 82 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. 80-нен аса мектеп «өсіп келе жатқан қыздарға арналған қоғамдық-танымдық Қазақ қызы журналына» тапсырыс береді. Төменнен байқағанымыздай, бір журналдың бағасы 2000 теңге.

Фактчек | «Қазақ Қызы» институты және мемлекеттік бюджет
№69» мектеп-гимназия «Қазақ Қызы» журналын алады / https://v3bl.goszakup.gov.kz/files/download_file/50494196

білім беру басқармасымен «қыздарға қосымша білім беру, мәдени-инабаттылыққа тәрбиелеу (8 жастан 18 жасқа дейін) қызметіне» келісім-шарт орнатылған. Мұндағы сомма миллиондармен есептеледі.

Үкім: Шындық

Астананың білім басқармасы шынында әлеуметтік әлсіз отбасылардан (көпбалалы, аз қамтылған, жетімдер) шыққан қыздарға арналған инабаттылыққа тәрбиелеу қызметтеріне жүгінеді. Соңғы үш жылда әкімдік қыздарды инабаттылыққа тәрбиелеуге 177 млн теңге жұмсаған.

Институт туралы қызықты деректер

Институтты құрушылар тізімінде 10 адам бар. Құрылтайшылардың бірі Мұратжанова Аңқар Жұмабайқызының мемлекеттік тұрғын үй қоры беретін тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде тұрғаны қызық.

Институтта шамамен 11-15 адам жұмыс істейді. 2014 жылдан бергі салық төлемдері – 5,8 млн теңге.

Фактчек | «Қазақ Қызы» институты және мемлекеттік бюджет
kompra.kz

«Нұр-Бөбек» ЖШС балабақшасы

Фактчек | «Қазақ Қызы» институты және мемлекеттік бюджет

Қарақат Әбденова «Нұр-Бөбек» ЖШС жекеменшік балабақшасының құрылтайшысы және бірінші басшысы. Балабақша мемлекеттік сатып алуға үнемі қатысады.

Фактчек | «Қазақ Қызы» институты және мемлекеттік бюджет

Үш жылда балабақша 321 млн теңгеге білім беру тапсырысын алды. 2019 жылы білім беру мекемесі 250 балаға қаржыландырылды, яғни бір балаға 27 мың теңге бөлінген.

Фактчек | «Қазақ Қызы» институты және мемлекеттік бюджет
Келісімшарт талаптарынан үзінді / https://v3bl.goszakup.gov.kz/files/download_file/91532300/

Мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарт соммалары:
– 2019 жылы — 82,4 млн теңге;
– 2018 жылы — 159,5 млн теңге;
– 2017 жылы — 79,5 млн теңге.

Тапсырыс беруші: Нұр-сұлтан қаласы білім беру басқармасы және Сарыарқа ауданы әкімдігінің аппараты.

Балабақша 2011 жылы тіркелген, 2011 жылдан бергі салық төлемдері – 15 млн теңге, балабақша орташа есеппен жылына 2,5 млн теңге салық төлейді.

Фактчек | «Қазақ Қызы» институты және мемлекеттік бюджет

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz