Зомби-фейк | Жөтелге қарсы сироп және 4 баланың өлімі

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде ата-аналарға арналған “ескерту-хабарлама” тарап жүр. Мәтінде анасы 4 баласына жөтелге қарсы сиропты сүтке араластырып беріп, артынан 4 баласы өліп қалғандығы жазылған. Factcheck.kz сайты ақпараттың рас-өтірігін анықтап көрді.

Зомби-фейк | Жөтелге қарсы сироп және 4 баланың өлімі

Үкім: Зомби-фейк

Бұл – зомби-фейк. Себебі бұл ақпарат бұрын да халық арасында тарап, кейін фейк екені анықталған. Араға біраз уақыт салып қайта өңделіп, желілерде қайта тарап отыр.

Ақпаратқа мұқият қарасаңыз көп бөлісілген (часто пересылаемое) деген белгіні байқауға болады. Демек бұл WhatsApp-та жиі тараған. Сонымен қатар, анасы мен 4 баласы туралы айтылғанда нақты кім, қай жерде, қашан болғаны белгісіз, сондықтан шикі ақпаратқа сену қиын.

Бұл ақпаратр тек Қазақстанда ғана емес әлемнің түрлі елдерінде, түрлі тілде тарап отырған. Мысалы, Сауд Арабиясында осыдан 2 жыл бұрын тараған әрі халық арасында біраз резонанс тудырған. Бұл ақпаратты 2019 жылы қырғызстандық әріптестеріміз толығымен тексерген.

Сүтке сироп араластырып ішуге бола ма?

Малайзиядағы медициналық мифті сейілту (Medical Mythbusters Malaysia) орталығының фармацевті Фахими Хассан бұл туралы Малайзиядағы әріптестерімізге берген сұхбатында былай деген:

Егер жөтелге арналған сиропты сүт немесе коктейль сияқты сұйықтықпен араластыратын болса артынша құсу мен асқазандағы ыңғайсыздықты тудыруы мүмкін, алайда, өлімге әкелуі екіталай. Дегенмен, екеуін араластырып ішпеуге кеңес береміз.

Фахими Хассан, фармацевт

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz