Зомби-фейк | Қапшағайдан алып жайын балық табылды

8 қазанда оқырмандармыз Қапшағайда табылған алып жайын балық жайлы тексеруімізді сұрады. Мессенджер мен әлеуметтік желіде тараған ақпараттың рас-өтірігін анықтап беруге тырыстық.

Зомби-фейк | Қапшағайдан алып жайын балық табылды
Оқырмандардан келген фото
Оқырмандардан келген видео

Үкім: Зомби-фейк

Біріншіден, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілі Аян Мейраш бұл ақпаратты жоққа шығарды. Екіншіден, оқырмандардан келген фото мен видеоның бір-біріне қатысы жоқ. Үшіншіден, екеуі де ескі. Бірнеше жыл бойы түрлі өңірде қисынсыз оқиғалармен байланыстара жарияланады.

Әуелі фото бойынша, оның шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бұл фото 2014 жылдан бері қазақ интернет желісінде жүргенін байқауға болады. Екінші бейнеролик бойынша ол Якутияда түсірілгендігі туралы хабар бар және бұл жайын емес, кит”

Аян Мирас, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы

Фото туралы

Жоғарыдағы алып жайын туралы ақпарат негізінен бірнеше нұсқада таралып келген. Мысалы, 2012 жылы, маусымда дәл осы сурет интернетте тағы да Қапшағайға қатысты контекспен жарық көрген. Ал 2013 жылы Сауд Арабиясындағы Джидда қаласының маңындағы жағалаудан алып акула табылғаны жазылған. Суреттің нақты қай жерде түсірілгені туралы мәлімет таппадық, бұл біз келтірген уақыттан да бұрын жарияланған болуы мүмкін.

Видео туралы

Оқырмандардан келген видеоны тексере келе, бұл жағдай Ресейге қарасты Чукотка елді-мекенінде түсірілуі мүмкін. Оқырманнан келген видеода кездесетін кейбір детальдарды интернеттегі өзге де видеолардан таптық. Біздегі видео басқа ракурстан түсірілген. Сондай-ақ балықшылардың құралдары, киімдері, көлік, киттің теңіз жағасында сойылуы – барлығы бір аймақта болған көрініс екенін аңғартады.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz