Жыныстық бопсалауды болдырмас үшін секс-сауаттың тиімділігін дәлелдейтін 5 себеп

2020 жылы интернет қолданушылар қазақстандық халық денсаулығы туралы жаңа кодексті талқылап, сынға алған болатын. Жоба арқылы балалар «сексуалды дұрыс іс-әрекет туралы» ақпарат алуы керек. Бұл нормаға қарсы шығушылар мектептерге сексуалды білім беруді енгізу арқылы жас буынды азғындауға ұшыратып, ибалылық пен тәртіптің негізін жоямыз деп есептейді. Олар қорытынды құжаттан осы пункттің алынып тасталуына себепкер болды.

FactCheck.kz авторлары бұл пәнді мектеп бағдарламасына енгізудің зияны туралы дәлелдерді жоққа шығарды және ЮНЕСКО-ның жыныстық білім беру жөніндегі нұсқаулығын егжей-тегжейлі талдады. Жыныстық білім беру төңірегінде мифтердің көп болуы оны мектептерге енгізудің маңыздылығын түсінуге кедергі келтіреді. Сексуалды қол сұғушылықтың алдын алуда оның рөлі қандай екенін біз сарапшылармен талқыладық.

Жан-жақты жыныстық білім беру күш көрсетуді тану қабілеттерін игеруге көмектеседі

Әлемдік статистика бойынша, балалар мен жасөспірімдер көбінесе отбасының таныс мүшелерінің, туыстарының, отбасының достары мен басқа да беделді ересектердің сексуалды күш көрсетуінің құрбаны болады, деп атап өтті ЮНИСЕФ. «Біздің дәстүріміз үлкендерді құрметтеуге, оларға қарсы шықпауға үйретеді, ал олармен келіспеу құрметсіздік пен тәрбиенің дұрыс еместігін көрсетеді. Біз осылайша балалардан қол сұғушылық пен күш көрсетудің басқа да түрлерінен қорғану құралын өзіміз тартып алатынымызға сенімдімін», – дейді зерттеуші әрі UyatEmes.kz негізін қалаушы Қарлығаш Қабатова.

Сарапшының түсіндіруінше, салдарынан, бала оның жыныс мүшелеріне ешкімнің тиіспеу керек екенін түсінбеуі мүмкін: «Бізде онсыз да баланың келісімінсіз құшағына қысады, сүйеді, ал ұлдардан тіпті «әпшу сұрайды», оның денесіне қол тигізеді. Сонымен қатар, жыныстық білім берудің негізгі міндеттерінің бірі – балаға «іш киім ережесін» үйрету. Ол балаға іш киіммен жабылған жерлерге ешкім тиіспеу керек екенін ғана емес, болатын және болмайтын жанасуды, жақсы және жаман құпияның ара-жігін ажыратуға көмектеседі.

Жыныстық білім арқылы бала сексуалды күш көрсетудің белгілері болғанда оны қалай түсіндіру керегін біледі.

Қазіргі ата-аналар әлі де сыртқы жыныс мүшелерін атымен атамайды. Оларға басқаша атау ойлап табу арқылы ересектер әңгіменің ұят және әдепсіз нәрсе туралы болып жатқанын аңғартады. Соның салдарынан бала зорлыққа ұшырағанның өзінде оны қай жерінен қалай ұстағанын түсіндіре алмайды, көп жағдайда ол туралы айтпайды. Біз балаларды «пенис», «вульва», «анус» деп айтуға үйретпейміз, үйреткенімізде, жәй ойын кезінде жарақаттанып қалса қай жерінің ауырып тұрғанын түсіндіру жеңілірек болар еді. Дене мүшелерін дұрыс әрі бейтарап түрде атау – жыныстық білім берудің бір бөлігі», – деп атап өтті, Қабатова.

Дене мүшелерін дұрыс атау баланы жыныстық қылмыс құрбаны болудан сақтай алады. 90-шы жылдардың ортасында ғалымдар жыныс мүшелері қалай аталатынын білетін балалардан қылмыскерлердің қашатынын анықтаған. Мұндай балалардың сөздері көбіне шынайы қабылданады. Бұдан бөлек, жыныс мүшелерін дұрыс атау балаларға өз денесін қабылдап, сексуалдыққа дұрыс қарым-қатынас түзуге көмектеседі, деп жазады «Купрум».

Кешенді сексуалды білім беру күш көрсетушілер мен абьюзерлерге төзбейтін қабілет түзеді

Қазақстан қоғамы күш көрсету мен қол сұғушылықтың жауапкершілігін соны бастан өткерген адамға жүктегісі келіп тұрады, дейді Y-PEER QAZAQSTAN желісінің сексуалды және репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша тренері Камила Тұяқбаева. Мұнда виктимблеймингті қолдайтын отандық БАҚ-тың рөлі жоғары. Тұяқбаеваның сөзінше, жыныстық білім беру «жас адамдарға күш көрсетушіге қатысты өз тарапын анықтауға көмектеседі».

Сексуалды білім беру күш көрсетуге болмайтынын, күш көрсетуші қашанда кінәлі болатынын, сексуалды жаулап алу күш көрсетумен бірдей екенін жеткізуге (әсіресе ер адамдарға) бағытталған. Сондай-ақ зерттеушілердің айтуынша, әңгіме жан-жақты жыныстық білім беру туралы болуы керек, ол ұстамдылықты насихаттап, сексизм белгілеріне шыдамауға ықпал етпейді. «Қоғамда күш көрсету мен қол сұғушылық бетке басылатын болса күш көрсетушілер мен абьюзерлер мұндай қылықты жасауға батпайды», – деп ескертті Тұяқбаева.

Жыныстық білім беру гендерлік теңдік пен өзара түсіністікті насихаттайды

Сексуалды білім беру гендерлік теңдік мәселесін қажетті деңгейге көтеріп, жастарды толеранттылыққа тәрбиелейді, дейді сексуалды және репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша тренер. Қарлығаш Қабатова оның не себепті маңызды екенін былай түсіндіреді: «Түрлі жағдайларды талқылай отырып қыздар мен жігіттер өзін олардың орнына қойып көреді, рөл ойнайды, «орын ауыстырады», эмпатияны дамытады. Яғни олар бір-бірінен гендерлік рөлді орындаушы емес, адамды көреді».

Осы жерде жыныстық білім берудің негізгі концептілерінің бірі – жыныстық қарым-қатынасқа келісімнің қажет екені белгілі болады.

Кейінгі жылдары осы мәселенің маңыздылығы бірнеше есе артты, қоғамның сексуалды қол сұғушылыққа сақтығы көбейген кезге дәл келді. Аустралияда оқушы қыздар жыныстық білім беру бағдарламасына келісім тақырыбын ертерек қосу туралы петиция бастады. Мамандар келісім мәселесі заңнан қашу тәсіліне қарағанда (ол да айналадағы адамдардың қамқорлығы мен құрметі туралы) кеңірек талқылануы керек деп есептейді.

Интимдік қарым-қатынастың позитивті қырын ашу сексуалды денсаулық пен қауіпсіздік туралы дұрыс түсінік қалыптастырады

Жыныстық білім беру нарративін интимдік жақындық пен қарым-қатынастың жағымды жағымен толықтыру арқылы жастардың осы салада білім алуына қызығушылығын арттыруға болады. Қанағат алу, қуаныш және жыныстық қатынаспен айналысуға итермелейтін басқа да себептер туралы сөйлесу оқушыларға сау сексуалдықтың не екенін түсінуге көмектеседі. Мектептерде жыныстық білім беру болмағандықтан жасөспірімдер қатарластарынан естіп, әлеуметтік желіден көргеніне сенуге мәжбүр.  

Көп жағдайда бұл ақпараттар шындыққа сәйкес келмейді: мәселен, «нағыз» еркекке көп жыныстық қатынас керек, ал «жақсы» әйел өзінің адалдығымен жақсы екені туралы түсінік. Одан да қауіпті стереотип мынадай: сексуалды жақындасуды үнемі еркек бастайды, ал әйелдің рөлі – оған ләззат сыйлау. Яғни, жаппай мәдениеттің секс туралы айтатыны (ешқашан әйелдің қанағат алуын ескермейді): қыздардың қанағат алмауы қалыпты.

P.S. Сексуалды қол сұғушылық – кешенді сұрақ, оны тек насихаттау және мектеп бағдарламасына жыныстық білім беруді енгізу арқылы шешу мүмкін емес. Бұл жерде үш тәсілді қолдану керек: білім беру (жыныстық білім беру), құқық қолдану (жөнге қойылған стандартты операциялық тәртіп пен заңнама) және инжиниринг (қол сұғушылық немесе зорлық құрбаны ол туралы хабарлай алуға мүмкіндік жасау, ал күш көрсетуші / агрессорды заңмен қудалау), деп қорытындылады Камила Тұяқбаева.

Ақпарат MediaNet Халықаралық журналистика орталығының «Әйелдер мен қыздарды жыныстық бопсалауға жол бермейтін және төзбейтін қоғамдық сана қалыптастыру» жобасы аясында дайындалды. Жобаны қолдаған – CFLI (Canada Fund for Local Initiatives).

Factcheck.kz