Жыл сайын жем-шөп қанша мөлшерде дайындалады?

17 мамырда өткен Үкімет отырысында Әлихан Смайлов жыл сайынғы жем-шөптің мал басына шаққанда қажетті нормадан 2 есе аз дайындалатыны туралы айтып, алаңдаушылық білдірді. Расымен де жем-шөп аз дайындала ма? Factcheck.kz сайты тексеріп көрді.

Тайм-код: 25:49

Жыл сайын елімізде жем-шөп қажетті зоотехникалық нормадан 2 есе аз дайындалады.

Әлихан смайлов, Үкімет басышысы

Үкім: Шындық

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің бізге берген мәліметінше, 2021 жылы 37,8 млн тонна жем-шөп дайындалды. Шартты басқа (условные головы) шаққанда 1,47 центнер дайындалған. Ал “Ауыл шаруашылығы негізгі өнімдерінің ресурстары мен пайдалану теңгерімдерін құрастыру бойынша әдістемені бекіту туралы” туралы бұйрық бойынша, шартты мал басына есептегенде мал азығына шығындаудың жылдың нормасы – 3.2-4 центнер.

Бұл мәселе тек былтыр-биыл ғана емес соңғы жылдары қозғалып келе жатқан басты тақырыптардың бірі. ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың “2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы” 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысында да көтерілген болатын. Ол жерде бір шартты мал басына 14 центнер жем-шөп дайындалатыны атап өтіліп, зоотехникалық нормадан 2 есе аз екені де жазылған.

Ауыл шаруашылығына қатысты халықаралық ұйымдардың ресми сайттарынан зоотехникалық нормаларға байланысты нақты бір ақпарат таппадық. Дегенмен, жем-шөп қоспаларының арасында “зоотехникалық қоспа” рұқсат етілгендердің санатына кіретінін анықтадық.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz