Журналистер соғыста қаза тапқан 5701 ресейлік әскеридің атын анықтады

19 тамызда BBC және Медиазона журналистері еріктілер тобымен бірлесіп, Украинадағы соғыста қаза тапқан ресейлік әскерилердің санын анықтады. 19 тамыздағы мәлімет бойынша, 5701 ресейлік әскеридің қаза тапқаны расталды.

Деректер жергілікті билік пен медиа өкілдерінің және қаза болғандардың туыстарының хабарламалары негізінде жинақталған. Кейінгі уақытта Ресейде облыс басшылары әскерилердің өлімі жайлы хабарлауды азайтты.

Украинада қайтыс болған 5701 Ресей әскери күштерінің 966-ы немесе 17%-і — офицерлер. Сонымен қатар, қаза болғандардың көбі — кіші офицерлер. Бұған қоса, қайтыс болғандардың арасында төрт генерал және 34 полковник бар. Ресейлік генералдың қаза болғаны жайлы ақпарат соңғы рет маусымда жарияланды.

Контекст

  • Ресей Қорғаныс министрлігі қаза тапқан ресейлік әскерилер саны туралы 25 наурызда хабарлаған. Сол уақытта 1351 Ресей әскері қайтыс болғаны айтылған.
  • Бұдан бөлек, Украина қарулы күштерінің бас штабының мәліметінше, шамамен 44 мыңнан астам ресейлік әскерилер қаза болған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz