Журналистер мен азаматтық белсенділер Рейган-Фаселла стипендиясына өтініш бере алады

Журналистер мен азаматтық белсенділер Рейган-Фаселла стипендиясын алуға өтініш бере алады. Бұл туралы Internews.kg сайты хабарлады.

Рейган-Фаселлдің демократия жайлы бағдарламасы демократиялық белсенділерге, журналистерге, азаматтық қоғам жетекшілеріне және әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдарға белгілі бір елде немесе аймақта демократия туралы тәуелсіз зерттеу жүргізу үшін Вашингтондағы демократия ұлттық қорында (NED) бес ай өткізуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама жоба жайлы ресми презентация жасағаннан кейін аяқталады. Бағдарламаға қатысушылар өз еліндегі демократия жайлы зерттеу жобасын ұсынады немесе демократияға қатысты басқа тақырыпты таңдауына болады.

Бағдарламаға қатысу үшін ғылыми дәрежеге байланысты арнайы талап және жас шектеуі жоқ. Бірақ демократия мен адам құқығы саласында көп жылдық тәжірибесі бар мамандар болу керек.

Бағдарламаға қатысуға кім өтініш бере алады:

  • Құқық қорғаушылар;
  • Азаматтық қоғам көшбасшылары;
  • Саяси партиялардың жетекшілері;
  • Адам құқығы жөніндегі заңгерлер;
  • Парламент өкілі;
  • Кәсіподақ белсенділері;
  • Журналистер және басқа да БАҚ өкілдері.

Өтініш берушілер ағылшын тілін жеткілікті деңгейде білетінін дәлелдеу қажет. Сонымен қатар, демократияның дамуына үлес қосатын саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық немесе мәдени аспектілеріне арналған жобаны ұсыну керек.

Рейган-Фасцелла стипендиясына 1 қазанға дейін онлайн өтініш беруге болады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz