Журналист Динара Егеубаеваның атынан фейк ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде журналист Динара Егеубаеваның халықты Тоқаевтың сайлауға қатысуына қарсылық таныту үшін протеске шығуға шақырғаны туралы ақпарат тарады. Алайда журналист мұның фейк екенін мәлімдеді.

Telagram-арналарда Динара Егеубаеваның Тоқаев және басқа да шенеуніктерге қарсы үгіт жүргізіп жатқаны жөнінде ақпарат тарады. Жазба 2022 жылғы 29 қыркүйекте жарияланған. Онда: “Мен, Қазақстанның тәуелсіз журналисі, сіздерді қарапайым тұрғындардың құқығы мен еркіндігі үшін Тоқаевтың билігіне қарсы шығуға шақырамын! Жемқорлар мен қауіпсіздік күштеріне көніп жүргеніміз жетер. 01.10.2022 жылы Алматыдағы Республика сарайында өтетін протестті қолдаңыз. Қазақстанды еркін әрі бай етейік!” деп жазылған.

Тағы бір баннер-суретте Қасым-Жомарт Тоқаевтың 7 жыл билікте отыруына қарсы тұру керек екені жазылған.

Алайда журналист Instagram желісіндегі парақшасында мұндай үндеу жасамағанын баса айтты.

Менің атымнан телеграм-арналарда фейк ақпарат тарап жатыр. Араңдатушылыққа берілмеңіз. Телеграмда менің қоғамдық арнам жоқ.

Динара Егеубаева, журналист
Factcheck.kz