Жолдауға фактчек | Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауына фактчек материалдар топтамасын жалғастырамыз. Бұған дейін жолдаудағы тезистерге қатысты бірнеше материал жариялағанбыз. Тоқаевтың суға қатысты айтқаны қаншалықты рас, бірге тексерейік.

Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтыруда. Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр.

Қ. Тоқаев

Үкім: Шындық

Ауыл шаруашылығы саласы республикадағы судың 63%-ін тұтынады. Ал түрлі бағалау бойынша судың 40%-тен (Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметі бойынша) 50%-ке дейінгі көлемі (Стратегиялық бастамалар орталығы есебі бойынша) су тасымалдап жатқанда құмға сіңіп кетеді. Мұның бәріне себеп – тозығы жеткен инфрақұрылым. Олардың көп бөлігі электр желісі сияқты кеңес заманында салынған.

Дүниежүзілік банк 2030 жылға қарай Қазақстандағы су ресурстары көлемі жылына 90м³-ден 76 м³-ге дейін азаятынын болжайды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, бұған климаттың өзгеруі, су ресурстарының республика бойынша біркелкі бөлінбеуі және осыған байланысты су ресурстарына түсетін қысым әсер етіп отыр. Суды тиімсіз тұтыну да үлкен роль атқарады.

лингвистка, фактчекерка

Factcheck.kz