Жоғарғы сот Матаевтарды ақтады

ҚР Жоғарғы соты қазақстандық журналистер Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевты толық ақтады. Бұл туралы ҚазТАГ сайты хабарлады.

ҚазТАГ хабарынша, Жоғарғы сот 19 шілдедегі отырысында Сейітқазы және Әсет Матаевтарға қатысты Астана қалалық сотының 2016 жылғы 9 желтоқсанда шығарған үкімінің күшін жойып, Матаевтарды толық ақтаған.

Сонымен қатар, судья қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттерінен шеккен зардаптың өтемақысын талап етуге Матаевтардың құқылы екенін мәлімдеген.

Контекст

  • 2016 жылғы 3-қазанда Астананың Есіл аудандық соты “қаржы жымқырды”, “салықтан жалтарды” деген айыппен Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевты алты жылға, ал ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаевты бес жылға соттаған.
  • Сейітқазы және Әсет Матаевтар қылмыстық іс қозғалғалы бері істің саяси астары барын айтып, өздерінің кінәсіз екенін мәлімдеген.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz