Жеңіс Қасымбектің мәлімдемелеріне фактчек

24 тамыз Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбек «Азаттық рухы» сайтына сұхбат берді. Әкім сұхбат барысында қаладағы медициналық жағдай, экономика, жұмыссыздық туралы сөз қозғап, төмендегідей мәлімдемелер жасады. Бірге тексерейік…

Біздегі (Қарағанды обл.-ред) жұмыссыздық деңгейі мемлекет бойынша ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Жұмыссыз жүрген адамдардың саны 4,5 пайыз, ол 10 000 адам.

Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі

Үкім: Шындық, бірақ…

ҚР Статистика комитетінің дерегінше Қарағанды облысы мемлекет бойынша жұмыссыздық деңгейі ең төмен өңір екені рас. Пайыздық есеппен – 4,5.

Алайда, 2020 жылдың ІІ тоқсанында облыстағы жұмыссыз халық саны 30 127 болған. Әкім айтқандай 10 000 адам емес.

Жеңіс Қасымбектің мәлімдемелеріне фактчек
ҚР Статистика комитеті


2019 жылдың қорытындысы бойынша 800 млрд теңгеден астам инвестиция облысқа келді

Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі

Үкім: Шындық

ҚР Статистика комитетінің дерегінше, 2019 жылы Қарағанды облысына тартылған инвестиция көлемі – 800 млрдтан асқан.

Жеңіс Қасымбектің мәлімдемелеріне фактчек

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz