Желіге 6,8 млн Яндекс.Еда қолданушысының жеке дерегі тарады

Яндекс.Еда қауіпсіздік қызметі сервис арқылы тағамға тапсырыс берген қолданушылардың жеке дерегі желіге тарап кеткенін анықтады. Бұл туралы Informburo.kz сайты хабарлады.

27 ақпанда төмендегі жеке мәліметтер тараған:

  • Тапсырыс берушінің аты-жөні;
  • Телефон нөмірі (Ресей мен Қазақстаннан 6,8 миллион, Беларусьтен 206 мыңнан астам);
  • Тапсырыс берушінің мекен-жайы;
  • Тапсырыс туралы пікір;
  • Тапсырыс күні.

Қолданушылардың банк картасының дерегі мен аккаунтының логин-паролі тарамаған. “Яндекс.Еда” құқық қорғау органдарына шағымданды. Тапсырыс туралы деректерді одан әрі таралуына жол бермеуге тырысамыз», – деді Яндекс.Еда.

Оқиғаға компания қызметкерлерінің бірі кінәлі деп танылды. Компания деректі сақтау туралы ішкі талаптың күшейтілетінін хабарлады.

Қазақстандық Big Data және аналитика қауымдастығының президенті Сергей Ахметов жеке деректің желіге тарап кетуі жаһандық мәселе екенін мәлімдеді.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz