Желіге 30 мыңнан астам қазақстандық Telegram қолданушысының дерегі тарады

Telegram желісінде 30 мыңнан астам қазақстандық қолданушының аккаунт деректері желіге тарап кетті. Бұл туралы Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі хабарлады.

Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Telegram арналарының бірінде желі пайдаланушылардың дербес дерегі жайлы 744 мың жазбадан тұратын файлды анықтаған.

Файлда пайдаланушының ID, аты, тегі, телефон нөмірі және «өзі туралы» деген бағандағы пайдаланушыны сипаттайтын жеке мәліметтері бар екені анықталды. Сонымен қатар, қазақстандық телефон нөмірлеріне 30 мыңнан астам аккаунт тіркелген.

Бұл файл «Глаз бога» Telegram арнасында анықталғаны жазылған. Платформа сұрау салу бойынша әлеуметтік желіден, мессенджерден, іздеу жүйесінен және басқа да дереккөзден алынған ақпарат негізінде пайдаланушылардың дербес дерегін алуға мүмкіндік беретін ТМД-дағы ең ауқымды сервис (1 миллионнан астам пайдаланушы).

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz