Желіде Зеленский жайлы фейк тарады

Желіде поляк газетінің «Владимир Зеленский Украинаны Польшаға қайтарғысы келеді» деген мақаласының суреті тарады. «Проверено» сайты мақаланың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрді.

Dziennik Wschodni («Шығыс күнделігі») газетінің 2022 жылғы 19 шілдедегі санының бірінші бетін ресейлік медианың бірнеше өкілі, Telegram арналар мен “Воконтакте” қолданушылары бөліскен. Мақалада Владимир Зеленский мен Польша Президенті Анджей Дуданың фотосы қолданылған.

Желіде Зеленский жайлы фейк тарады
Желіде тараған суреттің скриншоты

Cуретте бірнеше олқылықты байқауға болады. Мәселен, осы газет нөмірі “19 шілдеде” шыққанымен, Дуданың екі ай бұрын Киевке сапары кезінде түсірілген сурет қолданылған.

Фактчекерлер мәтінге де назар аударды. Екінші бағанның соңында сөйлем аяқталса да, үшінші баған кішкентай әріптен басталып тұр. Бесінші бағандағы үлкейтілген мәтінде “Шенеуніктер жақсы жалақы, оған қоса қомақты сыйақы алады, бұл әлеуметтік әділеттілікті бұзады” делінген. Логика тұрғысынан қарасақ, бұл үзіндінің геосаясатқа және мемлекеттік шекаралардың өзгеруі туралы жаңалыққа еш қатысы жоқ.

Желіде Зеленский жайлы фейк тарады
Дереккөз: Dziennik Wschodni 

Dziennik Wschodni редакторлары бұл олқылықтарға қатысты түсініктеме берді. Шын мәнінде, газеттің 19 шілдедегі нөмірі “Біреулерге — мыңдаған (қаржы – ред,), қалғандарына ешнәрсе (бермейді – ред,). Маршал қалай марапаттайды?” деп аталатын мақаладан басталады. Ол Люблин воеводствосы (Польшаның әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бірі) басшылығындағы шенеуніктердің жалақыдан бөлек алатын сыйақыларына арналған. Бұдан бөлек, мақала газет сайтында да жарияланған.

Сонымен қатар, Dziennik Wschodni редакторлары мақала суретін редакция өкілі түсірмегенін, сондықтан оны баспада пайдалана алмайтынын хабарлаған.

Фейк авторлары мақала атауын, суретін және мәтіннің шамамен үштен бірін өзгерткен. Сондықтан “Dziennik Wschodni-дің 2022 жылғы 19 шілдедегі нөмірінде Зеленскийге қатысты мақала жарияланды” деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Контекст  

  • Желіде Украина президенті Владимир Зеленскийдің камера алдында жасыл фонда сөйлеген фотосы тарады. Суретке сүйеніп қолданушылар Зеленскийдің шетелде екенін мәлімдеді. Full Fact фактчекерлері ақпараттың қаншалықты рас екенін тексеріп көрді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz