Желіде Ресей Украинадағы АҚШ қаруын жаулап алуға ниеттенгені жөнінде жалған CNN скриншоты тарады

Украинадағы соғыс басталмас бұрын әлеуметтік желіде “CNN жаңалығы ретінде” скриншот тарады. Жазбада Владимир Путиннің Украинаға басып кіруді кейінге қалдырып, америкалық қарудың Украинаға жеткізілуін күткені айтылған. AFP фактчекерлері фейк ақпараттың 2017 жылы АҚШ-тағы президент сайлауы туралы Путиннің сұқбатынан алынғанын анықтады.

Фейк 2022 жылы 12 ақпанда Weibo әлеуметтік желісінде қытай тілінде тараған. Сонымен бірге, скриншот Facebook, Twitter және Reddit-те де жарияланған.

Желіде Ресей Украинадағы АҚШ қаруын жаулап алуға ниеттенгені жөнінде жалған CNN скриншоты тарады
Фейк жазба / Дереккөз: AFP

Ағылшын тіліндегі фейк ақпаратта былай делінген: «Дереккөз: Байден Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етпейінше, Путин басып алуды кейінге қалдырады» деп жазылған.

Ал қытай тіліндегі жазбада ағылшын тіліне былай аударылады: «CNN: Байден Украинаға жеткілікті деңгейде қару-жарақ жеткізбейінше, Путин Украинаны басып алуды кейінге қалдырды».

Google-дың фотоны іздеу функциясы арқылы скриншоттың 2017 жылы 30 наурызда жарияланған CNN репортажынан алынғаны анықталды. YouTube каналда жарияланған репортажда CNN жүргізушісі Кейт Болдан Владимир Путиннен сұқбат алған. Путин сұхбат барысында АҚШ-тағы президент сайлауына Ресейдің араласпағанын айтқан.

Фейктегі сурет түпнұсқадан өзгеше. Түпнұсқада “Дереккөз: Ресеймен келісім жасалады деген Трамптың үміті сөнуде” делінген.

Фейк пен оригинал скриншоттың айырмашылығы:

Желіде Ресей Украинадағы АҚШ қаруын жаулап алуға ниеттенгені жөнінде жалған CNN скриншоты тарады
Дереккөз: AFP

CNN өкілі AFP агенттігіне әлеуметтік желіде тараған сурет фейк екенін хабарлаған. Сонымен бірге, агенттік 2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша америкалық немесе басқа да сенімді медианың мұндай хабарлама таратпағанын мәлімдеді.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz