Желіде Ресей-Украина соғысына қатысты фейк видео тарады

Әлеуметтік желіде тікұшақтардың әскери брондалған көліктерді әуеге көтергені бейнеленген видео тарады. Видеоның бенгал тіліндегі сипаттамасында “Ресейдің Украинадағы әскери базаға шабуылы бейнеленген” деп жазылған. AFP агенттігі бұл ақпаратты терістеді.

6 наурызда Facebook желісінде жарияланған видео жеті миллионнан астам қаралым жинаған. Кейін видео желіден өшірілді. Бірақ басқа желі қолданушылардың жазбасы әлі сақталған.

Желіде Ресей-Украина соғысына қатысты фейк видео тарады
Желіде тараған видеоның скриншоты. Дереккөз: AFP

AFP фактчекерлерінің дерегінше, видео түпнұсқасы 2019 жылы 5 тамызда YouTube желісіндегі «Әскери мұрағат» арнасында жарияланған. Бұған қоса арна авторы видеоның Нидерланд Қорғаныс министрлігіне тиесілі екенін ескерткен.

Видео сипаттамасында 2018 жылдың 17 қыркүйегі мен 13 қазаны аралығында өткен «Falcon Autumn 2018» атты әскери оқу-жаттығулар екендігі жазылған.

Кейін фактчекерлер Нидерланд Корольдік әскери әуе күштерінің Facebook парақшасында 2018 жылдың 12 қазанында жарияланған видео мен фейктегі кадрлар бірдей екенін анықтады.

Сонымен қатар, Нидерланд қорғаныс министрлігінің сайтында әскери жаттығу жайлы мақаласында дәл осындай видео жарияланған.

Контекст

Бұған дейін әлеуметтік желіде Владимир Путиннің «Нигерияны Ресей-Украина соғысына араласпауды ескерткен» видеосын фактчекерлер терістеді.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz