Желіде МакГрегордың өлімі туралы фейк тарады

Желіде ММА спортшысы Конор МакГрегордың өлімі туралы ақпарат және оны «растайтын» скриншот тарады. Snopes фактчекерлері ақпараттың қайдан пайда болғанын анықтап, рас-өтірігін тексерді.

Желі қолданушылары Уикипедия скриншотын жариялаған. Онда МакГрегордің “2022 жылдың 3 немесе 4 тамызында қайтыс болғаны” туралы жазылған.

Желіде МакГрегордың өлімі туралы фейк тарады
Желіде тараған скриншот | Дереккөз: Snopes

Шын мәнінде, МакГрегордың өлімі туралы ақпараттың тарауы — испан тілді Уикипедия сайтында жасалған «вандализмнің» нәтижесі.

“Уикимедиа қорының” өкілі Snopes редакциясына испан тілді Уикипедиядағы Конор Макгрегордың өмірбаяны туралы мақаланы желі қолданушылары өңдегенін мәлімдеген.

Snopes хабарынша, 5 тамызда жалған ақпарат түзетілген, яғни, Уикипедиядағы МакГрегорға қатысты жазбада оның өлімі туралы ақпарат енді жоқ.

Контекст

  • Желіде АҚШ Палата өкілдерінің спикері Нэнси Пэлоси Тайваньға барған тұста оның қытайлық журналистпен түскен суреті жиі талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының жазуынша, фотода Пэлоси мен оның «сүйіктісі» әрі қытайлық журналист Ху Сицзин бейнеленген. Алайда Deutsche Welle фактчекерлері фотоның фейк екенін анықтады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz