Желіде Киану Ривздің өте шынайы дипфейкі жарияланды

Дипфейк және нейронды желі технологияларына маманданған “Not Face Video Studio” YouTube арнасы Киану Ривздің өте шынайы жасалған дипфейкін жариялады. Бұл туралы “ITC” украин басылымы хабарлады.

Дипфейк жасау үшін авторлар Unreal Engine ойын қозғалтқышының MetaHuman Creator құралын пайдаланған. Сонымен қатар, сыртқы торды 3D-ға айналдыратын Mesh to MetaHuman плагині қолданылған.

Кейіннен 3D модель әйгілі DeepFaceLab қосымшасы арқылы әрленген.

Контекст

  • Sensity зерттеушілер тобы пайдаланушылардың жеке басын растауға арналған биометриялық тестті дипфейк технологиясы арқылы айналып өтуге болатынын анықтады. Бұл туралы киберқауіпсіздікпен айналысатын Sensity компаниясының сайтында хабарланды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz