Желіде Байден мен ибн Салман жайлы фейк тарады

Әлеуметтік желіде Сауд Арабия ханзадасы Мұхаммед ибн Салман АҚШ президенті Джо Байденге санкция салғаны туралы ақпарат тарады. VoxUkraine тараған ақпараттың фейк екенін анықтады.

Желіде “санкцияға Байденнің оппозиялық журналист Жамал Хашоггидің өліміне ханзаданың жауапты деп айыптағаны себеп болған” делінген. Бұған қоса АҚШ президентіне Сауд Арабиясына кіруге тыйым салынған-мыс.

VoxUkraine жазуынша, фейк сатиралық ақпарат жазатын Панорама сайтында (Қазақстанда бұғатталған) жарияланған. Яғни, сенуге негіз жоқ.

Биыл 15 шілдеде Джо Байден Сауд Арабия ханзадасы Мұхаммед ибн Салманмен кездескенде оның Жамал Хашогги өліміне жауапты екенін айтқан.

Контекст

  • Сауд Арабия режимі мен тақ мұрагерін ашық сынаған Хашогги 2018 жылдың қазанында Стамбулдағы Сауд Арабия консулдығында өлтіріліп, денесі бөлшектелген.
  • БҰҰ-ның ресми өкілі Аньес Каламар журналистің өлімінен кейін зерттеу жүргізіп, «Хашогги Сауд Арабиясының лауазымды тұлғалары ұйымдастарған аяусыз жасалған қастандықтың құрбаны болды» деп мәлімдеген.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz