Жастар арасында жұмыссыздық қаншалықты көбейді?

Соңғы уақытта еліміздің бірқатар сайттарында (qamshy.kz, matritca.kz және tengrinews.kz) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің көбейгендігі туралы материалдар жарық көрді. Бірі – Еуразия бірінші арнасына сілтесе, екіншісі – “Болашақ” шәкіртақы иелері қауымдастығының директоры, ҚР АҚДМ қоғамдық кеңесінің мүшесі Лаура Демесінованың келтірген деректеріне сүйеніп отыр. Factcheck.kz сайты ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.

Елімізде 15 пен 28 жас аралығындағы жастар жұмыссыз жүр. Дипломын қажетіне жарата алмай сенделгендердің саны былтыр 84,7 мыңға жетіпті

Үкім: Шындық, бірақ…

ҚР Статистика комитетінің мәліметінше 2019 жылдың ІІІ тоқсанындағы 15-28 жас арасындағы жұмыссыз жастардың саны – 84,7 мың. Ал, жұмыссыздық деңгейі болса 3,8%-ы болды.

2019 жылдың басындағы статистикаға қарасақ, 15-28 жас арасында 3 566 060 адам бар екен. Осы мәліметке қарап отырып, жоғарыдағы “еліміздегі 15 пен 28 жас аралығындағы жастар жұмыссыз жүр” деп барлық жастарды алып, мәлімдеме жасау – манипуляция.

Соңғы 10 жылдың (ІІІ тоқсан) 15 пен 28 жас аралығындағы жұмыссыз жастар саны керісінше азайған, оны жоғарыдағы кестеден байқауға болады.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz