Жарнама берушілер, агентіктер және әлеуметтік желілер фейкпен күресте бірлесті

Әлемнің 16 ірі жарнама берушілері YouTube, Twitter және Google сияқты платформаларын Интернеттегі қауіпті және жалған контентпен тиімді күресу үшін бірлесті. Медиаға жауапты жаһандық альянс WPP, IPG, Publicis, Omnicom және Dentsu жарнама топтары мен платформалардың иелерімен жұмыс істейді. Француздық Каннда өтетін жарнама өндірісінің жыл сайынғы форумында жарияланған мәлімдемені Reuters хабарлады. 

Unilever-дегі жаһандық медиа құралдарының атқарушы вице-президенті Луис Ди Комо,  қоғам үшін ұзақ уақытқа созылған мәселені шешу үшін өнеркәсіптің барлық тараптары алғаш рет бірігіп отырғанын айтты.

«Біздің саламыздың мәселелер қоғамға еніп, оны бөліп және балаларымызға қауіп төндірген кезде, бәріміз де әрекет етуіміз керек. Бұл альянсты құру біздің саламызға сенімді қайтаруға көмектесетін үлкен қадам» деді Луис Ди Комо. 

Сондай-ақ, бастапқыда альянс қоғам үшін қауіпт және терроризм мәселелеріне байланысты контентке баса назар аударатын хабарлады.

Альянс адамдар мен брендтерді қорғау үшін алгоритмдер мен хаттамаларды әзірлеу үшін бірге жұмыс істейтін болады.

Бұл топқа Adidas, Danone, Diageo, Mondelez International, Nestle және Procter & Gamble сынды брендтер қосылды. 

Мамырда Канадада Facebook, Microsoft және Google компаниялары жалған ақпарат пен фейк жаңалықтармен, жалған аккаунтармен күресу шараларын күшейтуге міндеттейтін құжатқа қол қойды.

Factcheck.kz