Жапонияда кибербуллиңге қатысты заң күшейді

Жапон парламенті кибербуллиң заңын күшейтті. Енді қылмыскер бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 300 мың иенге дейін (шамамен 2200$) айыппұл төлейді. Бұл туралы CNN сайтында хабарланды.

CNN дерегінше, спортшы және “Terrace House” реалити-шоуының қатысушысы 22 жастағы Хана Кимура өз-өзіне қол жұмсағаннан кейін Парламентте кибербуллиң жасағандарға жазаны қайта қарау туралы шешім қабылданды.

Кимура жанкүйерлерінің сөзінше, бойжеткен әлеуметтік желідегі кибербуллиңке шыдай алмай, суицид жасаған.

CNN ақпаратына сай, бұған дейін Жапонияда кибербуллиң үшін қылмыскер 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынып, 10 мың иенге (шамамен 75$) дейін айыппұл төлейтін еді.

Заң жобасына наразылық білдірушілер “бұл сөз бостандығына және шенділерді сынға алуға кедергі келтіруі мүмкін” десе, заңды жақтаушылар “кибербуллиңке қарсы күресу үшін қатаң заңнама қажет” екенін мәлімдеді.

  • Оқи отырыңыз:

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz