Жапон білім беру жүйесіне қатысты ZTB постына фактчек

2 қыркүйекте Жапонияның тәрбие мен білім беру жүйесіндегі ерекшеліктеріне қатысты ақпарат 300 мыңнан астам тіркелушісі бар ZTB.KZ парақшасында жарияланып, 5 мыңнан астам лайк жинады. Материалда көрсетілген деректер қоғамда бар Жапония туралы аңыздармен ұштасады. Осыны және оқырман өтінішін ескере отырып, Factcheck.kz мәліметтің рас-өтірігін тексерді.

  • Жапон білім беру жүйесіне қатысты ZTB постына фактчек
  • Жапон білім беру жүйесіне қатысты ZTB постына фактчек
  • Жапон білім беру жүйесіне қатысты ZTB постына фактчек
  • Жапон білім беру жүйесіне қатысты ZTB постына фактчек
  • Жапон білім беру жүйесіне қатысты ZTB постына фактчек
  • Жапон білім беру жүйесіне қатысты ZTB постына фактчек
  • Жапон білім беру жүйесіне қатысты ZTB постына фактчек
  • Жапон білім беру жүйесіне қатысты ZTB постына фактчек
  • Жапон білім беру жүйесіне қатысты ZTB постына фактчек
  • Жапон білім беру жүйесіне қатысты ZTB постына фактчек

Мәлімдеме: Мектепте бастауыш сыныптарға үй тапсырмасы берілмейді.

ZTB.KZ парақшасында жарияланған ақпарат

Үкім: Жалған

Жапон бастауыш сыныптарында үй тапсырмасы беріледі. Мәселен, иероглиф жаттау, математика есебін шығару, мәтін оқу. Білім министрлігі балаларға дене шынықтыру жаттығуларын үйде жасауға кеңес береді. Одан бөлек, оқушыларға жазғы демалысқа да үй тапсырмасы берілуі мүмкін.

Мәлімдеме: Жапонияда балалар жазу жазып, кітап оқып үйрену үшін 3 мыңға жуық таңба жатқа білуі тиіс.

ZTB.KZ парақшасында жарияланған ақпарат

Үкім: Жалған

Жапон тілінде жапон төл сөздеріне арналған “хирагана” және көбіне кірме сөздер жазылатын “катакана” деген екі алфавит бар. Бұдан бөлек, “Канджи” иероглифтері тағы бар. Бұлар “таңба” деп аталады. Енді санап көрейік: екі алфавитті қоса алғанда 92 таңба бар. Оған қоса, Білім министрлігінің оқулық баспасы бойынша ресми серіктестерінің бірі “Gakken” компаниясының мәліметіне сай, бірінші сыныпта 1 026 иероглиф оқытылады. Сонда барлығы 1118 таңба үйретіледі.

Білім министрлігінің “Jouyou kanji” (常用漢字) деп аталатын тізімінде жапон тіліндегі иероглифтердің жалпы саны 2 136 деп бекітілген. ZTB парақшасындағы “3000 таңбаға” қатысты ақпарат қайдан алынғаны белгісіз.

Жапонияда барлық бала мектепке қабылдану үшін емтихан тапсырады. Ал өте алмағандар, келер жылы қайта тапсырады.

ZTB.KZ парақшасында жарияланған ақпарат

Үкім: Манипуляция

Жапонияда бастауыш және орта сыныпты оқуға әркім міндетті болғандықтан, мемлекеттік мектепке бару үшін балалар емтихан тапсырмайды; ал жеке мектепте қабылдау емтиханы болуы мүмкін (оған түспесе де, бала мемлекеттік мектепке бара алады).

Жоғарғы сыныпқа (10-12 кластар) қабылдану үшін бала емтихан тапсыруы керек. Өтпесе, жоғарғы сынып ー міндетті емес болғандықтан, оқушы орта сыныптан кейінгі білімді жалғастырмаса да болады. Дегенмен, университетке түсу үшін 12 сынып бітіру керек.

Жапониядағы оқу жылы сәуір айынан басталады. Ал жазғы демалыс 40 күнді қамтиды.

ZTB.KZ парақшасында жарияланған ақпарат

Үкім: Шындық

Жапонияда оқу жылы сәуірде басталатыны рас. Ал жазғы демалысқа 40 күн беріледі. Десе де, Жапониядағы шетелдік студенттер оқуын қыркүйекте де бастай алады. Жазба мектеп оқушыларына қатысты болғандықтан, “Шындық” үкімі қойылды.

Мәлімдеме: Жапон мектептерінде еден жуушылар мүлдем жоқ. Барлық оқушы топтарға бөлініп, өзіне тиесілі сынып бөлмесін тазалау және ауланы жинастыру, секілді жұмыстармен айналысады.

ZTB.KZ парақшасында жарияланған ақпарат

Үкім: Манипуляция

Жапон мектептерінде оқушылар өзі еден жуып, шаң сүртіп, мектеп тазалығын сақтауға атсалысатындары — рас. Десе де, бұл тазалық қызметкерлері мүлдем жоқ дегенді білдермейді. Жапон мектептерінде “Gakkou Yomuin” (学校用務員) деп аталатын жұмысшылар бар. Олардың міндетіне мектепті қадағалау, күзету және тазалау жұмыстары кіреді.

Мәлімдеме: Оқушыларға мектеп ішіне үйде дайындалған жеңіл тамақ өнімдерін алып кіруіне тыйым салынған.

ZTB.KZ парақшасында жарияланған ақпарат

Үкім: Шындыққа жақын

Бастауыш мектеп және орта сыныпта мектепке үйден тамақ алып келуге болмайтындығы — шындық. Дегенмен, жоғарғы сынып оқушыларына үйден тамақ алып келу рұқсат етілген.

Мәлімдеме: Әрбір мектепте оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ететін диетолог мамандар жұмыс істейді.

ZTB.KZ парақшасында жарияланған ақпарат

Үкім: Шындық

Мектепте оқушылардың түскі асы мұқият қадағаланады. Сондықтан, білім беру заңына сәйкес, әр мектепте диетолог болуы керек. Олар түскі асты жоспарлап, мәзір дайындайды, дұрыс тамақтануға қатысты сабақтар өткізіп, ата-аналар мен балаларға консультация жүргізеді.

Мәлімдеме: Қыздарға шаш бояуға, тырнағын сәндеуге, көлемді әшекей тағуға тыйым салынады.

ZTB.KZ парақшасында жарияланған ақпарат

Үкім: Шындық

Жапон мектептерінде боянуға болмайды, тырнақ бояуға болмайды, аксессуар тағуға да тыйым салынған.

Мәлімдеме: Жұмыс берушілер тарапынан студенттерге сұраныс жоғары. Себебі компания студенттің білім алуына қаржылай көмек көрсетеді. Оқуды бітірген адам ақы төлеген компанияға жұмысқа орналасады. Ал компания оқуға төлеген ақшаны оның жалақысынан ұстап отырады.

ZTB.KZ парақшасында жарияланған ақпарат

Үкім: Шындыққа жақын

Japan Student Services Organization (JASSO) мекемесі студенттерге ірі компаниялардан стипендия алып бере алады. Стипендияға талап жоғары, сонымен қатар арнайы квоталарға байланысты бөлінеді. Алайда, компания оқу ақысын 100% төлемеуі де мүмкін. Кейбір бағдарламаны компанияда бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін ғана пайдалануға болады. Оған қоса, мұндай стипендиялар саны шектеулі екенін ескеру керек.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz