Жаңа Зеландияда терактіге қатысты видеоны таратқаны үшін 7 адам сотқа тартылды

New Zealand Television арнасының мәліметінше Крайстчерчтегі мешітте болған терактіге қатысты видеоларды заңсыз таратқаны үшін 7 адам айыпталуда. 

Крайстчерч аудандық сотының судьясы Стивен О’Дрисколл жеті айыпталушының төртеуін кепілмен босатудан бас тартты. Оның ішінде 44 жастағы Филипп Апрс пен 18 жасар жасөспірім наурыздың 16-сы Ан-Нур мешітінде болған терактіге байланысты фотоларды «Мақсат орындалды!» деген жазбамен жариялаған.

Судьяның айтуынша қылмыстық тергеу әлі жалғасып жатқандықтан айыпталушылар қамауда қалуы керек. Судья О’Дрисколл «сот төрелігін сыртқы күштердің араласуынсыз шығарғаны дұрысырақ болады» деп шығарған шешімін түсіндірді.

Қалған 3 айыпталушы кепілмен босатылды, бірақ мешітке кіруге және территориясында 500 метр арақашықтықта жүруге, интернет қолдануға тыйым салынды және адамдармен байланысуға шектеу қойылды.

Наурыздың 15-і Жаңа Зеландиядағы мешітке шабуыл жасау кезінде Брентон Таррант түсірген видеоны билік жағымсыз деп санап, оны таратуға тыйым салынды. Жасаған қылмыстары үшін айыпталушылар 14 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz