Жаңа Зеландияда теракт кезінде видео таратқаны үшін бір адам сотталды

Жаңа Зеландияда сот мешітке жасалған теракті бейнеленген видеоны таратқаны үшін Филипп Арпсты 21 айға бас бостандығынан айырды. Сот шешімі жайлы The New Zealand Herald және Tjournal  хабарлады. 

Арпс Крайстчерчте мешіттерге жасалған шабуыл бейнеленген видеоны таратқаны үшін және видеоға өлтірген адамдардың санын көрсетететін есептегіш пен көздеуішті қойдыртқаны үшін кінәсін мойындады.

Сот Арпс бұл қылмысты «мұсылмандарды жеккөргені үшін» аса қатыгездікпен жасағанын айтты. Арпс өзін нацистік әскери қылмыскер Рудольф Гесспен салыстырады. Ол 2016 жылы Гитлерді құттықтау видеосына түскен еді.  

Наурыздың 15-і қаруланған адамдар Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы екі мешітке шабуыл жасады. Мешітті басып кіріп, адамдарға оқ атқан. Терактіде 51  адам қаза тауып, 48 адам жараланды.  

Наурыздың 24-і Жаңа Зеландия билігі видеоны сақтауға және таратуға тыйым салды. Ведомства басшылары алдағы уақытта бұл видео басқа қылмыстарға немесе терроризмді тудыруы мүмкін деп ойлайды.

Сәуірде Жаңа Зеландияда терактіге қатысты видеоны заңсыз таратқаны үшін 7 адам сотқа тартылғаны анықталды.

Factcheck.kz