Жаңа “ақпараттық дүрбелең”: Франция Ресейге қарсы ЕО санкцияларын алып тастау туралы айтты

Франция премьер-министрі Эдуард Филипп Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесуде Ресейге қарсы санкцияларды «кез келген уақытта» алып тастауы мүмкін екенін айтты. Бұл жайлы ТАСС хабарлады. Ал ресейлік RTVI басылымы жаңалықты дәстүрлі “ақпараттық дүрбелең” айдарында жариялады. 

Кездесуде Филипп Медведевке:

«Бұл [санкция] уақытша кезең. Біз бұл санкциялардың неге енгізілгенін білеміз. Ресей де біледі деп ойлаймын. Біз қарым-қатынастарды әртараптандыру үшін бар мүмкіндікті пайдалануға тиіспіз» деп айтты. 

Алайда, RTVI журналистерінің айтуынша Филип 2014 жылы санкциялар қолданылғаннан бері еуропалық саясаткерлердің пікірін жеткізді. Саясаткерлер “санкциялар тұрақты режим емес, олар кез келген уақытта күшін жоюы мүмкін” деген еді.

Мысалы, жыл сайын Германия канцлері Ангела Меркель санкцияларды алып тастау мен шарттары жайлы айтады (бір, екі, үш). Италия билігі де “санкцияларды алып тастау”  туралы жиі айтады, ал Греция мен Австрия санкцияларды сынайды.

Оған қарамастан, Ресейге қарсы санкциялар шамамен бес жыл бойы жалғасып келеді және алты айға үнемі ұзартылып отырады.

Нәтижесінде  жоғары лауазымды немесе еуропалық емес шенеунік санкцияларды алып тастау туралы сөз қозғағанда, ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында дүрбелең басталады. Санкциялардың мерзімін ұзарту шешімін Еуроодақтың 28 мүшесінің бәрі қолдауы тиіс. Бірақ, әлі күнге дейін шешімге қарсы ресми мәлімдеме жасалмады.

Factcheck.kz