Жалған | Жүзумен айналысу коронавирусты жояды

Қытайдың Хубей провинциясының Ухань қаласында бастау алған короновирусқа байланысты желіде көптеп жалған ақпарат тарап жатыр. WhatsApp желісінде жүзумен айналысу короновирусты толықтай жояды деген хабарлама жиі бөлісілуде. Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.

Жалған | Жүзумен айналысу коронавирусты жояды

WhatsApp желісінде тараған хабарлама:

Жүзумен айналысу короновирусты жояды

Жүзуден әлемнің 11 дүркін, 3 дүркін Олимпиада чемпионы Сунь Янь, допинг дауына байланысты ақпан айында 8 жылға дисквалификацияланды. Медициналық зерттеу тобының мәліметінше Сунь Янь Қытай Денсаулық сақтау министрлігіне мәлімдемемен келген.

28 жасар чемпион COVID -19 вирусына қарсы құрылғы анықтау үшін спортшылардың ерікті тобына шақырылды.

Қытай үкіметі Сунь Янға Қытайдың Батыры атағын беруге және коронавирусты тікелей спортшының қанына енгізген жағдайда 3-ші буынға дейінгі спортшының отбасын өмір бойы қамтамасыз етуге уәде берді.

Үкім: Жалған

Қытай Халық Республикасының Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының ресми сайтында Сунь Янь туралы жаңалық мүлдем жарияланбаған. Ақпарат ойдан шығарылған. Жүзумен айналысу короновирусты жоятыны туралы ДДҰ-ның ұсыныстарында айтылмаған.

Бұл ақпаратты бірінші кім таратты?

Вадим Колечко атты желі қолданушы бұл ақпаратты бірінші жариялаған болуы мүмкін. «НА СТАРТ» жүзу клубының жетекшісінің жариялаған пост – 425 рет бөлісілген (мәліметтер facebook аккаунтынан алынды). Бұл туралы жаңалықтар сайттарында (frazaua, uaport.net, newsmir.info), сонымен қатар спорттық басылымдарда жариялады. Ақпарат 15 наурыздан бастап тарай бастаған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz