Жалған | World Doctors Alliance: коронавирус тұмаудан қауіпті емес

World Doctors Alliance (WDA) мүшелері COVID-19-дан емделуге болады және ол тұмаудан қауіпті емес, жәй ғана маусымдық ауру деп мәлімдеді. Дәрігер Хайко Шёнинг WDA жаңалығын хабарлап, ұжымның ойын қолдайтын әртүрлі мамандық иелерін таныстырған видео түрлі платформаларда танымал болып кетті.

World Doctors Alliance – «тек қана пандемияға қатысты мәселелерді шешпейтін» (басқа мәселелермен де айналысатын – ред.) дәрігерлер коллаборациясынан құралған ұйым. Шын мәнінде олар карантин ережелеріне қарсы, олардың пікірінше, локдаунның пайдасынан зияны көп. Ойы түсінікті, өйткені қатаң карантин ережелерінің экономикаға айтарлықтай әсері байқалады, ал «локдаун» сөзі Коллинза сөздігінің нұсқасы бойынша жыл сөзі деп танылды. Дегенмен альянс мүшелері көзқарастарына жалған пікірді де қосып алған. Олар коронавирус маусымдық ауру ғана және оны емдеуге болады деп есептейді. Залда Еуропаның бірнеше елінен келген адамдар, заңгерлер, экономистер, мұғалімдер және 5G-ға қарсы қастандық теориясының жақтастары – әлеуметтік белсенділер бар. Біз Шёнинг туралы «Бельгия дәрігерлерінің хаты» тақырыбын қозғағанда жазған болатынбыз. Хат манипуляцияға толы болып шыққан. Сол жағдай қайталанып тұр.

WDA өкілдерінің әр пікірін жеке тексереміз.

Пікір: Ешқандай пандемия жоқ

WDA

Үкім: Жалған

Адамзат бүгінде коронавирус инфекциясынан қатты зардап шегіп отыр. Миллионнан аса адам қайтыс болды.

Жалған | World Doctors Alliance: коронавирус тұмаудан қауіпті емес

Пікір: Коронавирусты гидроксихлорохин, мырыш және ингаляциямен емдеуге болады

WDA

Үкім: Жалған

CDC мәліметі бойынша, ремдесивир – вирусқа қарсы препарат. Оның COVID-19-ға қарсы тиімділігі зерттеліп жатыр және шұғыл жағдайларда пайдалануға рұқсат етілген (EUA). Ал гидроксихлорохин COVID-19-ды емдемейді. Қазіргі уақытта COVID-19-ды емдеуге немесе алдын алуға арналған, Азық-түлік пен дәрі-дәрмекті бақылау басқармасы мақұлдаған дәрі де, терапевтік құрал да жоқ. Ал бүкіл әлемдегі емдеу тәсілі симптомға байланысты және эксперименттік қана.

Вакцина жасаушылар мен зерттеушілер COVID-19-ды жою үшін вакцина жасауды жеделдетеді. Жақсы жаңалықтар бар, бірақ әзірге оларға да күмәнмен қарау керек. Біз ингаляция туралы да талдау материалын бергенбіз.

Пікір: COVID-19 тұмаудан қауіпті емес

WDA

Үкім: Жалған

COVID-19 бен тұмау  вирустары ұқсас тәсілмен тарайды деп есептелгенімен, тұрғындардың белгілі бір тобы мен жас ерекшелігіне қарай COVID-19 тұмауға қарағанда қауіптірек.

Оған қоса, COVID-19  тұмаумен салыстырғанда тез тарап кетуге қабілетті. Яғни, COVID-19-ды тудыратын вирус көп адамға тез әрі оңай жұғып, адамдардың бір-біріне үздіксіз таратып отыруына себеп болуы мүмкін.

Пікір: Коронавирустың көп адамнан анықталып жатқанының себебі – ПТР тесттердің дұрыс еместігінде. Тест 89-94% жағдайда бұрыс нәтиже көрсетеді.

WDA

Үкім: Жалған

Жалған нәтиже көрсету дәрежесі үнемі зерттеліп жатқанымен, алдын ала зерттеу бойынша тесттің бұрыс қорытынды шығару дәрежесі WDA өкілдері айтып отырған саннан айтарлықтай төмен.

The Lancet Respiratory Medicine Британия медициналық басылымының жақында жарияланған мақаласында Ұлыбританияда тесттің жалған оң нәтиже көрсетуі 0,8%-4% аралығында болса, жалған  теріс нәтиже 33%-ға дейін жетуі мүмкін.

Пікір: CSO дерегі бойынша сәуірден бастап Ирландияда 5 млн тұрғынның 98-і ғана қайтыс болды

WDA

Үкім: Жалған

WDA өкілдерінің бірі профессор Д. Кэхилл сілтеме берген дереккөз (Central Statistics Office) мәліметі бойынша 2020 жылдың сәуір-қыркүйек айларында Ирландияда коронавирустан 552 адам көз жұмды.

Материалды қазақ тіліне аударған бейімдеген: Балнұр Қожагелді

Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz