Жалған | Үш адам қаза тапқан апатқа кінәлі жүргізушіге аса ауыр емес жаза кесілуі мүмкін

Жаңа жыл алдында БАҚ-та шулы видео тарап кетті. Әлгі видеода жоғары жылдамдықпен жүйіткіп келе жатқан Mercedes Gelandewagen бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамастан өте шығады да, Mitsubishi Galant-пен соқтығысады. Апаттан үш адам қаза тапты. Оның арасында актриса Шолпан Елгезекова бар. Тағы бір актриса, Айзада Сатыбалдиева, ауыр жарақат алған. Gelandewagen жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

Апатқа кінәлі адам “абайсызда салдарынан екі не одан көп адам өлген жол ережесін бұзу” бабы бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ БАҚ “күдікті бес жылға дейін түрмеге жабылып, үлкен мөлшерде айыппұл төлеуі мүмкін” деп жазады.

Қылмыс пен жаза

Бұл апат желтоқсанның 29-ында Алматдағы Абай-Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған. Ертеңіне оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген.

Назар аударыңыз! Видеода нормативті емес лексика бар.

Қылмысты тергеу органдары апатқа кінәлі адам, қазақстандық Sputnik Қазақстан, Tengrinews.kz, 365info.kz, NUR.KZ, Zakon.kz, Азаттық Радиосы, ҚазТАГ, «ZONAkz», “Караван” ақпарат агенттіктерінің жазуынша, Қылмыстық кодекстің 347-бабы (жол апаты болған орыннан кетіп қалу) және 345-баптың 3-тармағы (абайсызда салдарынан екі не одан көп адам өлген жол ережесі бұзу) бойынша күдікке ілінген. Бұл бап бойынша сотталған адам кінәлі деп танылса, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бірақ бұл апатта үш адам қаза тапты. Демек, Қылмыстық кодекс бойынша, 33 жастағы жүргізуші Қылмыстық кодекстегі 345-баптың ең қатаң 4-тармағы сәйкес 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы, 1000 АЕК-ке дейін айыппұл төлеуі немесе 347-бап бойынша түзеу жұмыстарына тартылуы мүмкін.

Жалған | Үш адам қаза тапқан апатқа кінәлі жүргізушіге аса ауыр емес жаза кесілуі мүмкінАлайда ақпараттық порталдар органдардың апатқа кінәлі адамды Қылмыстық кодекстегі 345-баптың біршама жұмсақ тармағы бойынша күдікке ілгенін жазды. Бұл тармақ бойынша ол 5 жылға дейінгі мерзімге бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұған прокуратура да, полиция департаменті де ешқандай реакция танытқан жоқ.

Тілшінің қатесі

Алматы полиция департаментінің айтуынша, бұл – тілшілердің қатесі.

Департаменттің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек: “Шын мәнінде ереже бұзған жүргізушіге 345-баптағы ең қатаң 4-тармақ бойынша айып тағылған. Әлгі ақпарат – тілшілердің қатесі”, – деді.

Қазақстандық БАҚ-тың бұл апат туралы хабар таратуда жіберген ең өрескел қатесі – “Ішкі істер министрлігі әділ тергеу жүргізуді уәде етіп, бұл істі ерекше назарға алды” деп жазуы.

“Тергеу бөлімшелері апатты жан-жақты зерттеу үшін барлығын жасап жатқанына кепілдік беремін. Тергеудің әділ өтуіне қатысты қандай да бір сенімсіздікке еш негіз жоқ”, – деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев.

 

Factcheck.kz