Жалған | Түркіменстан шекарасы ашық түсті шаш бояуларын өткізбей жатыр

2-сәуір күні «Хроника Туркменистана» порталында «Шашты ашық түске бояуға тыйым салғаннан кейін түркімен шекарасында шаш бояуларын өткізбей жатыр» деген тақырыппен материал жарық көрді. Шындығында солай ма, бірге тексерейік.

Туркмения
«Хроника Туркменистана» сайтынан скрин

Үкім: Жалған

Біз әуелі Түркіменстанның шекара қызметіне хабарластық. Ашық түсті шаш бояулары мен кірпік және тырнақ жалғау материалдары туралы сұраққа заң бөлімінің басшысы Давран Бетбаров жауап берді: «Аталған тауар түрлерін Түркіменстан аумағына кіргізуге тыйым салынған жоқ, оларды еш кедергісіз өткізіп жатырмыз», дейді Бетбаров. (Әңгіменің жазбасы factcheck.kz редакциясында бар).
Ресми орындардан алған ақпаратқа көңіліміз толмай және төмендегіні тексеру үшін…

Туркмения
Материал үзіндісінен скрин

іздеу тізімінде алғаш боп шыққан ашхабадтық Yasmin (Ашхабат қ. 10 к. йыл Абаданчылык 136/128, +99312 48-20-17/18 +99312 48-33-25/39) сұлулық салонына хабарластық. Салон әкімшісінің айтуынша, оларға ешкім жоғарыдағыдай ұсыныспен келмеген және олар тырнақ, кірпік жалғау, сонымен қатар шашты түссіздендіру қызметтерін бұрынғыдай жалғастырып жатыр екен. (Жазба редакцияда бар).

Шашқа арналған бояу бағасын жеткізуші өзгерткен жоқ. Бәлкім баға барахолкада көтерілген шығар. Мұндай тыйым салу туралы қала ішінде алып-қашпа әңгімелердің болғаны рас.

Сонымен қатар біз Түркіменстанның Сыртқы істер министрлігінің ақпарат бөліміне хабарластық, олар «Хроника Туркменистана» порталының хабарламасы туралы білетіндіктерін айтты:

Бәлкім біреулер шынымен солай болғанын қалайтын шығар, бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ешқандай тыйым салу болған жоқ.

(Бұл жазба да редакцияда бар).

Түсіндіре кетсек, бастапқыда (22 наурызда) портал «мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін әйелдерге тырнақтарын өсіріп, бояуға, кірпіктерін өсіруге, шаштарын түссіздендіріп, алтын әшекей бұйымдар тағуға тыйым салды» деп хабарлаған болатын. Ал кейінірек (2 сәуірде) түркімен шекарасында ашық түсті бояуларды өткізбей жатқаны туралы ақпарат таратты.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz