Жалған | Смартфондар сараптау қабілетінен айырылуға әкеп соқтырады

Сәуірдің ортасында “Тотал Қазақстан” ақпарат агенттігі смартфондар “адамның деректерді сараптай алу қабілетінен толықтай айырылуына әкеліп соқтыруы мүмкін” деп хабарлады.

Жалған | Смартфондар сараптау қабілетінен айырылуға әкеп соқтырадыҒылым ақиқаты түрінде берілген жаңалықты “Тотал Қазақстан” ресейлік “ОаНьюс” басылымынан алған.

Ресейлік сайттағы материал авторлары “Данияның әлдебір зерттеушілеріне” сілтеп, “қазіргі смартфондар тек маңызды әрі жаңа ақпаратты алу кезінде үлкен көлемдегі деректерді елемей тастайды, мұндай қасиет болашақта адамның саралай алу қабілетінен толықтырай айырылуы әкеліп соқтыруы мүмкін” деп жазады.

Үкім: Жалған

OaNews бұл материалын Daily Mail Online порталынан алған болуы керек. Басылым журналистері еуропалық зерттеушілер жуырда жариялаған ғылыми зерттеуді негізге алған. Зерттеу авторларының бірі, Дания университетінің профессоры Сьюн Леманның ресми комментарийі  зерттеу қорытындысының ресейлік БАҚ-та қате “тәпсірленуіне” себеп болған:

“Біздің деректер ұжымдық назар көлемінің азайып бара жатқанын дәлелдейді. Сондықтан келесі қадам ретінде бұл фактінің әрбірімізге қалай әсер ететінін көру қызық болар еді. Себебі қазіргі жағдай алған ақпаратқа жеке баға беру қабілетімізге кері әсерін тигізуі мүмкін”.

Қазақстан мен Ресей сайттары зерттеушінің тұжырымын еңбектің дәлелденген түйіні ретінде көрсеткен. Оның үстіне профессор сөзінде “ақпаратты саралау қабілеті” дегенді айтпайды. Айтқаны – ақпаратқа баға беру ғана.

Дания, Германия мен Ирландия ғалымдары шын мәнінде не зерттеді?

15 сәуірде Nature Communications журналында жарияланған зерттеуде “смартфон” сөзі бір рет қана аталады және оның зерттеушілер еңбегіне еш қатысы жоқ. Шын мәнінде ғалымдар “әлеуметтік жеделдік” феноменінің дәлелін анықтауды көздеген. Әлеуметтік жеделдік – өмір темпінің жылдамдап, адамның уақыт туралы ішкі түсінігін өзгертуі. Зерттеушілер еңбегінде бір ғана өлшемге, яғни “әлеуметтік жеделдікке” – ұжымдық назар табиғатының өзгеруіне ғана мән береді.

Оны өлшеу үшін зерттеушілер ұжымдық мінездегі өзгерістерді көруге болатын үлкен деректерге жүгінеді. Дереккөз ретінде Твиттер (2013-2016), Reddit (2010-2015), Google Trends (2010-2018), Google Books (соңғы 100 жыл), кино билеттерінің сатылуы (соңғы 40 жыл), Уикипедия (2012-2017) және ғылым жаңалықтарының аталуы (соңғы 25 жыл) есепке алынған.

Деректерді өңдеген зерттеушілер танымал тақырыптардың көптеп талқыланып, артынша бәсеңдеуіне қарап ұжымдық назар көлемінің расымен азайып бара жатқанына көз жеткізген. Үлкен деректермен жұмыс істеген ғалымдар мынадай негізгі үш тұжырым жасайды:

  1. Уақыт өтсе де, кейбір тақырыптардың танымалдығы сол күйі қалып қояды;
  2. Кейбір тақырыптарға деген назар бірден күшейіп, бірден бәсеңдейді;
  3. Ұжымдық назарда бір тақырып екіншісіне ауысып, тізбек бойынша осылай жалғаса береді.

2013 жылы Туиттерде хэштег алғашқы 50 танымал тақырып арасында орта есеппен  17,5 сағатқа қалса, 2016 жылы бұл 11,9 сағатқа азайды

Ғалымдар гипотезаның осыған ұқсас дәлелдерін барлық өзге деректер жинақтарынан (Уикипедия мен ғылыми мақалалардан басқа) да анықтады. Осының өзін негізге алып, өмірімізде смартфондар пайда болғанға дейін-ақ ұжымдық назардың тарылған кездері болған деп айта аламыз. Неге бұлай болатынын түсіну үшін зерттеушілер үш базалық айнымалы — тақырыптың танымалдығы, оның “өмір сүру” ұзақтығы және жаңа тақырыпқа ауысуды қалау негізінде математикалық модель жасап шығады.

“Біздің зерттеу бойынша, ұжымдық назар динамикасын жеделдетудің негізгі себебі – өндіріс және контент тұтыну қарқынының артуы. Нәтижесінде, “назардың үнемделуіне” тап боламыз. Бұл – ақпараттың көптігіне ұшырайтын, когнитивтік және уақыт шектеуі бар азаматтар өз ресурстарын тез әрі жиі жұмсауға мәжбүр болады деген сөз”, – деп келтіреді зерттеудің басты қорытындысын авторлар.

Журналист-аналитик. Магистр социальных наук

Factcheck.kz