Жалған | ОСК мүшесінің жоғалып кететін сиясы бар қаламға қатысты видео туралы мәлімдемесі

10 маусымда Sputnik Kazakhstan ақпарат агенттігі Қазақстан ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдинаның сайлау учаскелерінде жоғалып кететін сиясы бар қаламдарды пайдалануға қатысты мәлімдемесін жариялады. Ол заң бұзушылықтары бар бейне туралы сұраққа жауап бере отырып, мұның бәрі «фейк» екенін айтты.

«Қандай жалған ақпараттар тарап жатқан жоқ. Кез келген нәрсені басқаша етіп көрсетуге болады, бұны сіз, журналистер, менен жақсы білесіздер. Бізде мұндай фактілер болған жоқ. Бізде жалған жаңалықтар қайда түсіріліп жатыр? Әне, тұтас қойылымдарға куәміз», деді Баймолдина.

Біз бұл мәлімдемені тексеріп көруді ұйғардық.

Үкім: Жалған

Жоқ болып кететін сиясы бар қалам туралы бейне жалған емес, ал мұндай «қулық» бұған дейін Ресей мен Украинада өткен түрлі деңгейдегі сайлауларда тіркелген.

Бейнені 9 маусымда өткен сайлауда тәуелсіз бақылаушы болған Тимур Почанов растады. Ол алғашқылардың бірі болып заң бұзушылықтар туралы бейнені фейсбукке жариялады. Сондай-ақ өз де эксперимент жүргізді.

Бірінші бейнеде (оны төменде қараңыз) ер адам учаскелік сайлау комиссияның мүшелеріне жоғалып кететін сиясы бар қаламды көрсетеді. Бұл қалам сайлаушылардың жасырын дауыс беру кабинасында орнатылған.

Біз Тимурмен хабарластық. Оның айтуынша, олар 9 маусым күні Алматы мен Алматы облысында республикалық «Қамаудағылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі коалиция» қоғамдық бірлестігі атынан бақылаушылардың желілік тобының құрамында болған. Олардың міндеті сайлау учаскелеріне мониторинг жүргізу және күні бойы өз учаскесінде болған стационарлық бақылаушылардың заң бұзушылықтарына жедел әрекет ету болды.

Тимур бейнені 2019 жылы 9 маусымда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қайназар ауылындағы сайлау учаскесінде бақылаушылардың бірі түсіргенін растады. Бұл бейнені бақылаушы Темірхан Жамабаев әкімші Серік Әбішевке WhatsApp арқылы жіберді. Кейін ол оны әлеуметтік желіге бірінші болып салып, Тимур Почановпен бөлісті.

Тимур тексеріс үшін арналған бейненің файлын бізге WhatsApp арқылы жіберді, видео дәл осы әлеуметтік желіде кеңінен таралған еді. Бейнеде сайлау учаскесінің нақты деректері аталады. Яғни Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылындағы 200 учаске. Біз бейненің метадеректерін тексердік:

Жалған | ОСК мүшесінің жоғалып кететін сиясы бар қаламға қатысты видео туралы мәлімдемесі

Скринде көрсетілгендей: файлдың атауында видеоның бізге жіберілген, кейін түсірілген уақытын, түрлі өзгертулер мен басқа да сипаттамаларын байқаймыз.

Сонымен қатар біз бейнені кадрлар бойынша көріп, монтаж жасалған ба әлде жоқ па екенін тексердік. Видео еш өңделмеген және одан ешқандай  өзгертулер табылмады. Сондай-ақ, бейне бұрын еш жерде жарияланбаған. Бұны InVid қызметінің талдау жүйесі растайды. Ол видеодағы арнайы кадрларды талдап, Google Image Search, Yandex және әлеуметтік желілердегі іздеу қызметтері арқылы ұқсасын іздейді.

Алайда біз Youtube-тан дәл осындай қаламдар туралы видеолар таптық, онда оттың әсерінен сияның жоғалып кететін қасиеті көрсетілген.

Осыған ұқсас бейнелердің ішінде бұрын осындай заң бұзушылықтар тіркелген Украина, Ресей сайлау учаскелерінен жазбалар да ұсынылады.

Мұндай қаламды Aliexpress интернет-дүкенінен 1,8$ сатып алуға болады.

Жалған | ОСК мүшесінің жоғалып кететін сиясы бар қаламға қатысты видео туралы мәлімдемесі       Жалған | ОСК мүшесінің жоғалып кететін сиясы бар қаламға қатысты видео туралы мәлімдемесі

Фактчекер. Координатор образовательных и исследовательских программ МЦЖ Medianet. Проектный менеджер сервиса опросов Demoscope

Factcheck.kz