Жалған | Леонардо Ди Каприо Қазақстандағы тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру үшін қаржы бөледі

Сәуір айының ортасында kazinform халықаралық ақпарат агенттігі биыл қазақ даласына тұран жолбарыстарының қайтарылатыны туралы материал жариялады. Осы мақсатта үкімет те қаржы бөліп жатыр. Бұдан өзге, QazaqGeography Басқарма кеңесінің басшысы, «Назарбаев Университеті» АҚ-ның инновация бойынша вице-президенті Қанат Байғарин:
«Ол үшін Әлемдік банк, филантроп-белсенділер қаражат бөледі. Меніңше, Ди Каприо – өз қаражатын осындай салаға бөлетін адамдардың қатарында…» – деді.

Дикаприо

Үкім: Жалған

Спикер бұл іске Ди Каприоның қатысы бар деп нақты айтқан жоқ. Бірақ материал авторы оны сенімді жеткізіп, оқырманды шатастырып жіберген.

Сол себепті…
Сranchbase әлемдік инновациялық компаниясының ақпараттар базасы арқылы біз Леонарда Ди Каприоның (Leonardo DiCaprio Foundation) CEO (бас атқарушы директоры) маманы Джон Дидеаны таптық.

Дикаприо фонд

Голливудтық актердың жабайы табиғатты қорғауға қатысты көптеген жобаларға белсенді қатысып жүретіні белгілі, бірақ бұл іспен негізінен Ди Каприоның өзі емес, жоғарыда аты аталған қор айналысады (соның ішінде фандрайзингті қолдануға қатысты да). Қор Аргентинадағы ягуарлардың реинтродукциясын, Қырғызстан, Тәжікістан, Моңғолия мен Ресейдегі қар барысын қорғауды және Непалдағы жолбарыстардың популяциясын көбейтуді қолға алған.

Тұран жолбарысына қатысты Джон Дидеа нақты жауап берді: «тәуекел көп болғандықтан, ешқандай ортақ іс болмайды».

Дикаприо

Бұл қандай тәуекел және Ди Каприо Қазақстандағы тұран жолбарысын неге қайта жаңғыртқысы келмейді? – бұл туралы СЕO маман айтпады. Сол себепті біз тек болжам жасай аламыз, бірақ ол туралы жазбаймыз, себебі фактчектің мақсаты басқа.

Дәл осы жобаға қатысты актердің аты бірінші рет аталып тұрған жоқ. Өткен жылы Леонардо Ди Каприо Қазақстанға келеді деп айтылған болатын. Бірақ ол әзірге келмеді.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz