Жалған | Құлыбаев Халық банктегі акциясын сатылымға шығарды

Әртүрлі әлеуметтік желілер мен чаттарда Тимур Құлыбаев өзінің Халық банктегі акциясын сатылымға шығарды, оның ішінде қытайлық компания сатып алуы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Ақпарат толығымен мынадай (Мәтін орыс тілінен аударылды):

“Құлыбаев Халық банктің акцияларын сатылымға шығарды. Бұл шамамен Қазақстандық банк саласының 60-70 %-ы! Сатып алушы қытайлық компания. Егер де біздің халықтың 99%-ның несиесі (ипотекадан бастап тұтынушылық несиеге дейін) бар екенін ескерсек, ары қарай ойлай беріңіз…

Капиталды шетке шығармақ. Ары қарай белгілі… ақырындап [дүниесін] жинастыруда. Жер астындағының барлығын сатты, ҚР нарығына Қытайдың 500 компаниясын кіргізуде, ал енді біздің қарызымызды да оларға беруде”.

Үкім: Жалған

KASE Қазақстанның қор биржасында Халық банкке қатысты ресми ақпарат жарияланған және ондағы дерек бойынша әлеуметтік желілерде таралған ақпарат шындыққа жанаспайды.

“Қазақстан Халық жинақ банкі” АҚ “АЛМЭКС” Холдингтік тобы” АҚ (“АЛМЭКС”), инвесторлық қоғамның көптеген сауалдарына қатысты, бағалы қағаздар нарығында жартылай сату мүмкіндігін қоса, Халық Банкінің акцияларын жоюды арттыру бойынша нұсқалары қарастырғаны туралы хабарлады. Кез келген нұсқа жағымды нарықтық конъюктураны ескере отырып, қарастырылады. Сонымен қатар, АЛМЭКС Халық банкінің бақылау пакеті акцияларын сақтайды.

Бұл жердегі ресми мәлімдемеге қарайтын болсақ, Халық банктің акционерінің бірі –  “АЛМЭКС” холдинг тобы акцияларының бір бөлшегін сатылымға шығару туралы ұсыныс тастаған. Ұсыныстың басты мақсаты – бағалы қағаздар нарығында Халық банк акцияларының өтімділігін көтеру. Әлі қабылданбаған бұл ұсыныс қолайлы нарықтық конъюктураны ескере отырып қаралады. Демек, ешқандай Халық банктың акциясы сатылымға шықпаған әрі оны қытайлық компания сатып алғалы жатыр деген сөз қауесет қана немесе кезекті синофобия тудыру әрекеті. 

Жалған | Құлыбаев Халық банктегі акциясын сатылымға шығарды
“АЛМЭКС” холдингінің акционерлері // kase.kz сайтынан скрин

Контекст

Тимур және Динара Құлыбаевалар басқаратын “АЛМЭКС” холдинг тобы – Халық банктің басты акционерлерінің бірі. Халық банктің 74,5% акциясы осы “АЛМЭКС”-ке тиесілі. 15,7%-ы “The Bank of New York Mellon DRS” ЗТ номиналды ұстаушыға, 6,1%-ы “Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетағы Қорына”, қалған 3,7%-ы басқа акционерлер еншісінде.  

Жалған | Құлыбаев Халық банктегі акциясын сатылымға шығарды
Халық банктің ресми акционерлері  

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz