Жалған | COVID–19-ға қарсы вакцина салдыру үшін дәріханадағы дәрілерді алып жатыр

Кейінгі уақытта әлеуметтік желі мен мессенджерде “COVID–19-ға қарсы вакцина салдыру үшін дәріханалардағы дәріні алып жатыр” деген мазмұнда аудио тарады. Хабарлама мазмұны бойынша бұйрық жоғарыдан келген-мыс. Ақпаратты бірнеше оқырман қайталап жіберді. Тексеріп көретін боламыз.

Жалған | COVID–19-ға қарсы вакцина салдыру үшін дәріханадағы дәрілерді алып жатыр
  • Екі аудиохабарламаның негізгі мазмұны:
  • “Кейбір дәріні дәріханалардағы сөреден алып тастауға жоғарыдан бұйрық келген. Вирусқа қарсы вакцинаны салдыру үшін әдейі істеп жатыр. Сол үшін парацетомол, немисил сияқты дәрілерді мүмкіндік болса көп етіп алып қойыңыздар“.

Үкім: Жалған

28 қаңтарда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі онлайн-брифинг өткізген болатын. Кездесу барысында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлыбек Асылбеков аталған ақпаратты жоққа шығарды.

Бүгінде жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша дәріханаларда шамамен екі аптаға жететін дәрі-дәрмек қоры бар. Сондай-ақ ол дәрілер бірден сатылып жатыр. Бұл препараттар коронавирус симптомына ғана емес, басқа да ауруларға қолданылады. Сол себепті дәріхана сөрелерінде мүлдем дәрі жоқ деу шындыққа жанаспайды. Жалпы бұған қатысты үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Дистрибьюторлардың қоймасында 60 000-нан астам адамға 44 түрлі ковидке қарсы дәрі-дәрмек қоры бар. Оның ішінде дене қызуын төмендететін және қан ұю процесін тежейтін бес дәріні дәрігердің нұсқаулығымен миллионға жуық адам тегін ала алады.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлыбек Асылбеков

Кейінгі уақытта БАҚ-та қызу талқыға түсіп жатқан вакцинация тақырыбы.

Вакцинация қалай жүзеге асады?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2021 жылдың ақпанында халықтың вакцинациялауға жататын топтарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталады деп жоспарланған болатын.

Вакцинация жеткізілуін және халықтың әртүрлі топтарының эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде, яғни ақпаннан бастап медицина қызметкерлері, инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық жәрдемнің қызметкерлері егу салдырады.

Екінші кезеңде наурыздан бастап педагог, күш құрылымдарының қызметкерлері, үшінші кезеңде, сәуірден бастап студенттер вакцина салдырады.

Алайда, вакцинация 18 жасқа толмаған балаларға ұсынылмайды, себебі вакцинаны бұл жас тобында қолдану әлі зерделенбеген. 

Вакцинаны тек ҚР кәмелетке толған азаматтары ғана ала алады. 6 млн.адамды қамти отырып, жыл соңына дейін КВИ-ға қарсы вакцинациялау жалғасады деп жоспарлануда, – дейді ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлыбек Асылбеков.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz