ЖАЛҒАН | АМТ шахтерларының жалақысы жекеменшік көмір тұтынушылар «есебінен» көтеріледі

12 желтоқсан күні жариялаған жазбасында танымал блогер Денис Кривошеев шахтерлардың жалақысын көтеру халық тұтынатын көмір бағасының да көтерілуіне алып келетінін айтқан болатын. Үзінді келтірсек (орыс тілінен аударылды, кей тұстарын қарайтқан – редакция):

  1.  «Егер олардың (шахтерлардың – авт.ескертпесі) талабын орындайтын болсақ, көмір алтынмен тең болады. Ілеспелі шығындардың артуы онсыз да бағаны қымбаттатып жіберген болатын, ал шығындардың бұлайша артуы оны бұдан да қымбат ете түседі. Біреулердің жағдайын жақсарту басқаларды кедейлендіру есебінен болмақ».
  2. «Қазақстандағы көмірді негізгі тұтынушы елдің ішінде. Девальвациядан кейін түсім аса көбейе қойған жоқ. Ақшаны қайдан алу керек? Жер үйде тұратын, зейнетақысын ешкім екі есеге көтермейтін әжейден бе?»

Забастовка шахтеров в КарагандеБіз негізінде блогерлердің сөзін нысанаға алмайтынбыз, алайда, Кривошеев мырза экономикалық сарапшы ретінде тұрақты пікір білдіріп тұрады, ал дәл осы жолғы пікірі әлеуметтік желінің ауқымынан шығып, ірі қазақстандық жаңалық агрегаторы nur.kz сайтында да жарияланып, қоғамдық дүмпу тудырды.

Үкім: Жалған

Жекеменшік үйлерге арналған көмір мен АрселорМиттал кеншілерінің жалақысы арасында тікелей байланыс жоқ.

Оның үстіне, эксперттің сөзіндегі біз қарамен белгілеген сөздер өтірік пен манипуляцияның қосындысынан тұрады. Енді бәрін рет-ретімен баяндасақ.

Бұл пікірдегі қисынға салсақ, жұмыс беруші кеншілердің талабын орындап, жалақысын көтеретін болса, оның соңы ішкі нарықта көмірдің қымбаттауына алып келеді және жекеменшік тұтынушылардың қалтасына түседі (соның ішінде, нақтырақ, үйлерін көмірмен жылытатын зейнеткерлер аталған). Әрі блогер көмірді негізгі тұтынушы ел ішінде екенін айтады.

Елдің ішінде ғана емес…

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы – Қазақстандағы кокстелген көмір өндіретін ірі өнеркәсіп, оның негізгі бөлігі компанияның өз қажетін өтеуге жұмсалады да, қалған концентрат экспортқа шығарылады. Бұл жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №724 «ҚР жылу-энергетика кешенінің 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы» атты сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімов қол қойған Қаулыдан табуға болады. Қаулыда былай делінген:

Забастовка шахтеров

АрселорМиттал Теміртау АҚ өнімдерінің каталогы да осы сөзімізге дәлел бола алады, оны компанияның сайтынан табуға болады. АМТ ұсынатын өнімдер:

Құрыш тақталар, үзілмей құйылған төртбұрыш бұйымдар, ыстықтай тегістелген өнім, суықтай тегістелген өнім, ақ қаңылтыр, қара қаңылтыр, мырыш жалатылған өнім, полимер жалатылған өнім, сұрыптық прокат, құбыр, орама және кокс-химия өнімдері, соның ішінде:

кокс (фракциясы +25 мм, күкірттің үлес салмағы 0,6-0,8%), нафталин, шайыр, сольвент, аммоний сульфаты, кеннен кейінгі қалдық.

Отынның мұндай түрі негізінен металлургия өнеркәсібінде пайдаланылатыны белгілі. Яғни, кеншілердің айлық жалақысын көтерудің үйін көмірмен жылытатын қазақстандықтарға ешқандай әсері болмайды деген сөз. Иә, тек нафталиннің бағасы көтерілуі мүмкін…

Баға мәселесі

«АрселорМиттал Теміртауды» араластырмай, жалпы елдегі көмір өнеркәсібі туралы айтар болсақ, елімізде өндірілетін көмірдің негізгі бөлігі жекеменшік үйлерде тұратын, соның ішінде блогердің жазбасында айтылған зейнеткер әжейлердің қажетін өтеуге жұмсалмайды. Иә, Қазақстандағы көмірді негізгі тұтынушы, блогер айтып отырғандай, ел ішінде, алайда, ол жекеменшік үйлерде тұратын қазақстандықтар емес.

Мәселен, 16 қазан күнгі жағдай бойынша, еліміздегі көмір кәсіпорындарынан 79,4 млн тонна көмір тиелген. Ішкі нарыққа 57,2 млн тонна көмір жеткізілген, оның ішінде 44,2 млн тоннасы энергия өндіруші кәсіпорындарға жеткізілген. Экспорт көлемі 22,2 млн тонна болған. Ал коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа («әжейлерге») 8,6 млн тонна жеткізілген. Бұдан көріп отырғанымыздай, жекеменшік үйде тұратын (және үйін көмірмен жылытатын) ҚР азаматтары отынның бұл түрін тұтыну тұрғысында үшінші орында ғана. Бұл ақпараттың барлығы ҚР Энергетика министрлігінің сайтында жалпыға қолжетімді.

Забастовка в Караганде

Анықтама: Қазақстан ірі көмір экспорттаушы 15 елдің қатарында. 2016 жылы 14-орында, ал  2012 жылы 8-орында болғанбыз.

Қазақстандағы көмір бағасының көтерілуін немен түсіндіруге болады?

Шынында да, жылдан жылға көмірдің бағасы қымбаттап барады, тіпті, шахталардан босатылатын баға аса өзгермесе де. Мұны Энергетика министрлігінің мәліметтерін талдайтын EnergyProm бюросы да растайды. Бюроның мәліметтері бойынша, бір жылда баға 19% өскен. Ең жоғарғы баға Ақтөбе қаласында (тоннасы 14,5 мың теңге). Ең «қымбат» қалалардың үштігіне Астана (14,2 мың) және Орал (14 мың) кіреді. Бюро, сондай-ақ, бағаның көтерілуі, бірінші кезекте, ортадағы делдалдардың ісі екенін және теміржол тарифімен байланысты екенін айтады.

Ал «ҚТЖ – Жүк тасымалы» болса, 2017 жылы Қазақстандағы көмір бағасындағы көлік тасымалының үлесі 4% болғанын, көмір таситын вагон жетіспеушілігі жоқ екенін мәлім етті.

Энергетика министрлігі жағдайды саралай келіп, биылғы қазан айында бағаның өсуіне көмір тасымалдау нарығын емін-еркін жайлаған көпдеңгейді делдалдық құрылым кінәлі екенін мәлімдеді.

Рынок угля

Бәлкім, «ілеспелі шығындар» дегенде блогер Денис Кривошеев делдалдарды, яғни алыпсатарларды айтқан болар? Бұл арада комментарий беру және қандай да бір үкім шығару мүмкін емес.

Қорытынды

Кривошеев мырза «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахталарында жұмыс істейтін шахтерлардың жалақысын көтеру қарапайым адамдарға арналған көмір бағасының көтерілуіне алып келеді деп есептейді, ал Қазақстанда қазірдің өзінде көмірді алып-сатумен айналысатын делдалдардың көпдеңгейлі желісі бар. Біреулер содан пайда көріп отыр әрі олар кеншілердің шынайы жағдайынан да, блогер айтқан әжейлердің жағдайынан да хабарсыз болса керек. Ешкім тексермейтін және ешкім қарсылық білдірмейтін осы алыпсатарлық жүйе туралы эксперт ештеңе демейді. Кривошеев мырзаның сөзіндегі негізгі манипуляцияға келсек, осы жазбасы арқылы автор негізгі мәселеден (шахтерлардың ереуілі) назарды басқа жаққа аударады.

Ал «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтерларының жалақысы мен оның көтерілуі соңғы өнімге қалай әсер ететінін білу үшін АМТ компаниясына ресми сауал жолдадық және оның нәтижесін оқырманға міндетті түрде жеткіземіз. Соңғы мәліметтерге қарағанда, компания қызметкерлерінің талабын орындауы мүмкін.

 

Factcheck.kz