Жалған | Алматы оқушылары арасында жаңа есірткі түрі тарап жатыр

Тамыз соңында caravan.kz сайтында “Алматы мектептерінде қауіпті жаңа есірткі пайда болып, оқушылар арасында кең таныла бастағаны” жазылған мақала жарияланды.

Жалған | Алматы оқушылары арасында жаңа есірткі түрі тарап жатыр
Caravan.kz

Мақалада нарколог-дәрігер Руслан Әлиевтің сөзі берілген:

“Ең қорқыныштысы – көк сағыз бен конфет. Олар “Дарт Вейдер” деген атпен сатылады. Мұны интернетте табу оңай болғанымен, оны сататындарды ұстау қиын. Есірткі тасымалдаушылар енді мектеп жасындағы балалар мен мектепке дейінгі жастағы кішкентайларға көшті”.

Үкім: Жалған

Бұған дейін біз осыған ұқсас ақпараттың рас-өтірігін тексергенбіз. Ол кезде WhatsApp-та “құрамында есірткі бар конфет” жайлы жалған хабарлама тараған. Полиция мұндай “конфеттер” барын жоққа шығарған. Кейін ақпараттың фейк екі анықталды.

Алайда осыған ұқсас хабарлама қайта тарап, ақпарат көзі британдық полиция деп көрсетілген соң, “Дарт Вейдер” деген атпен “тарап жатқан есірткі-конфет” туралы осы ақпаратты және бір тексеріп көруге бекіндік.

Барлығы Англияда басталған

Қауіпті конфеттер жайлы алғаш хабарлама 2018 жылы шілденің 21-інде  Ұлыбританиядағы Эксетер қаласы полициясының twitter парақшасында пайда болды:

“Эксетер тұрғындары балалар көлеңкелі нарықтан “Дарт Вайдерді” сатып алып жатқанына алаңдай бастады. Мұның соңы жақсылықпен аяқталмауы мүмкін. Балаларыңызды жіті бақылап, оларға есірткінің қаншалықты зиян екенін түсіндірулеріңізді өтінеміз”.

Жалған | Алматы оқушылары арасында жаңа есірткі түрі тарап жатыр
Screen_@NWDevonPolice_Twitter

Бұл туралы материал британдық басылымдардың көбінде жарияланды. Полиция хабарламасында “сағыз бен конфетте MDMA, кетамин и кокаин бар екені” айтылады. Пікір жазған қолданушылардың біріне берген ресми жауабында полиция “балалар өліміне себепші болған әлгі тауарлардың құрамына химиялық сараптама жүргізбегенін” айтқан. Бірақ бұған ешкім мән берген жоқ.

Жалған | Алматы оқушылары арасында жаңа есірткі түрі тарап жатыр

Полицияға бір сұрақ

Бір қызығы, полиция “конфет құрамында бар” деген әлгі заттар бір-бірімен үйлеспейді. Кетамин (транквилизатор) MDMA-ның (экстази) әсерін жояды, оларды әдетте бірге қабылдамайды (бірақ есірткі пайдаланатындардың көбі қозып кетпеу үшін эктазиден кейін кетаминді ішеді). Кокаинді MDMA-мен ішу қауіпті. Бірақ осы үшеуінің арасында кетамин артық. Бұдан бөлек, жаңа синтетикалық есірткілер мен психоактивті заттарды зерттеумен айналысатын Mandrake зерттеу тобының дәрігері Оливера Сатклифаның сөзінше, әлгі конфеттер құрамында тек MDMA бар.

https://platform.twitter.com/widgets.js

Осылайша, Девоншир полициясы фейк ақпаратты өздері таратқан. Иә, синтетикалық есірткілер қауіпсіз екен деуге болмайды, бірақ полиция оң ниетін іске асыруға жалған ақпаратты пайдаланғаны анық.

Қазақстанда жағдай қалай?

Жағдайды түсініп алу үшін Алматы ішкі істер департаментіне хат жаздық. ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек бұл ақпаратты терістеді:

“Алматы жастары арасында адам организміне зияны көп шөптер қоспасы (синтетикалық каннабиоидтердің баламасы) мен психотропты заттардың баламасын пайдалану жағдайы бірнеше рет тіркелген. Ең кең таралғаны – “легалка”, яғни синтетикалық каннабиоидтер мен эфедрон-меткатинонның баламасы. Көбіне «кристалл», «скорость», «jwh» аттарымен танымал.

Ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері (құзырлы органдарға) “есірткі мен психотропты заттар саудасымен айналады” деп күдікке ілінген 33 сайтты бұғаттауға өтініш берген.

Нарколог-дәрігердің айтқан сөзін Алматы ішкі істер департаменті жоққа шығарды: қалада мұндай бірде-бір факт тіркелмеген.

“Бұдан бөлек, ата-аналар мен мектеп инспекторларынан оқу орындарының маңында құрамында есірткі бар конфеттер сатылып жатқаны туралы ешбір дерек, не хат келіп түспеген”.

Қалалық медициналық-әлеуметтік коррекция наркологиялық орталығы да бұл ақпаратты растаған жоқ. 

Кәмілетке толмаған балалардың ата-аналары өздері жайлы ақпарат тарап кетуінен секемденіп, полицияға арыз жазуға батпауы мүмкін.

Олар қалалық наркологиялық орталықтан көмек сұрауы ықтимал. Сондықтан редакция орталық директоры Сапар Рахменшеевке сауалхат жолдады. Келген жауап – мынау:

“Дарт Вейдер” конфеті тарап жатқаны туралы ақпарат жалған. Есепте тұрған ең жас азамат 13 жаста. Алаңдауға себеп жоқ”.

Жалған | Алматы оқушылары арасында жаңа есірткі түрі тарап жатыр

Руслан Әлиевтің өзі не дейді?

Нарколог-дәрігер қауіпті конфеттер туралы ақпаратты интернеттен оқыған. Ал маман жұмыс істейтін жеке емхана 14 жасқа толмаған балаларды қарамайды.

“Жеке емханамызда 14 жастан асқан балаларды ғана емдей аламыз. Сондықтан бұдан кіші балаларға қатысты бізде ақпарат жоқ. “Дарт Вейдерге” қатысты ақпаратты өз басым интернеттен оқыдым.

“Дарт Вейдер” конфеттерін көрген жоқпын. Бірақ ара-тұра ата-аналар келіп тұрады. Есірткінің жаңа түрі пайда болды деген ақпарат шыға сала, профилактикалық шара қолдану қажет. Бұрындары шегетін қоспалар аса танымал болмады, бірақ соңғы уақытта олардың үлесі артып келеді”. 

Есірткіге тәуелді жастар үлесі артып келе ме?

“Клиникамыз анонимді жағдайда жұмыс істегендіктен, ашық есеп жүргізбейді. Алайда 14-28 жастағылар арасында тәуелділік артып келеді. Олар – қатер төніп тұрған негізгі топ. Әсіре 1500-ден аса түрі бар “тұздар” деп аталатын қоспа аса танымал. Бірақ биологиялық ортада олардың есірткі екенін ажырату қиын. Әзірге барлық есірткіні бірден анықтайтын тест я индекатор жоқ”.

Баланы қалай қорғаймыз?

Баланың есірткі пайдаланып жүргенін көрсететін екі түрлі белгі бар – жанама және тура.

Жанама:

  • Тәртібінің өзгеруі
  • Үйден себепсіз шығып кету
  • Құбылмалы көңіл-күй
  • Телефонындағы құпия хаттар

Тура белгілері:

  • Терінің өзгеруі
  • Қарашық өлшемінің өзгеруі
  • Ине іздері
  • Тыныс алу жолдарындағы өзгеріс
  • Ішек-қарын трактінің өзгеруі

Ең айқын белгісі – тәртіптің өзгеруі; ұйқысырау, тез ашулану, құбылмалы көңіл-күйде жүру. Есірткі қабылдаған бала күні бойы ұйықтап, кешке қарай ұйқысы ашылады.

Осы белгілердің ең болмаса бірін байқасаңыз, дереу маманның қабылдауында болып, кеңес алған дұрыс. Анонимділік барлық жерде сақталады. Ем неғұрлым ерте басталса, тәуелділіктің алдын алу да соғұрлым оңай болады.

Адам 2 айдан аса синтетикалық есірткі пайдаланса, әдетте шизофрения жағдайына ұқсас күйге кіреді. Мұнан кейін адам наркологиялық емханаға емес, психиатриялық ауруханаға жіберіледі.

Сондықтан ата-аналардың балаларына шегетін қоспалардың зияны мен есірткі пайдаланудың салдарын түсіндіруі маңызды. Мына хабар жалған болып шыққанына қарамастан, көлеңкелі нарықтағы синтетикалық есірткі айналымын бақылап, оған баға беру мүмкін емесін де ескерген дұрыс.

Фактчекер. Координатор образовательных и исследовательских программ МЦЖ Medianet. Проектный менеджер сервиса опросов Demoscope

Factcheck.kz