Жалған | АҚШ ұлттық гвардиясына медициналық мақсатта адам ұрлауға рұқсат берілді

Әлеуметтік желі қолданушылары АҚШ жайлы кезекті бір дезинформацияны жиі бөлісіп жатыр. Желіде тараған хабарламада “Теннеси штатының губернаторы Билл Ли № 83 жарлығына қол қойып, ұлттық және мемлекеттік гвардия әскерлеріне адамдардың үйіне басып кіруге рұқсат бергені” жазылған. Сонымен қатар, адам құқығын құрметтеместен тапаншамен қорқытып, интернационалды қылмыскерлердің лагерьлеріне жеткізуге мүмкіндік беретіні айтылған. Factcheck.kz бұл ақпараттың ақ пен қарасын ажыратты.

Жалған | АҚШ ұлттық гвардиясына медициналық мақсатта адам ұрлауға рұқсат берілді

Теннесси губернаторы ұлттық гвардияға медициналық мақсатта адам ұрлауға рұқсат беретін ұйыммен келісімшартқа отырды. Америкалықтардың басым көпшілігі (назар аудармайтындар) мұның бәрін “қастандық теориясы” ретінде қабылдамады, ал енді лагерлер Америкада белсенді түрде орналастырылып жатқанын біліп, қорқып жатыр. Теннесси губернаторы Билл Ли жұма күні ұлттық гвардия мен мемлекеттік гвардия әскерлеріне адамдардың үйіне басып кіруге, оларды мылтықпен қорқытып, интернационалдық қылмыскерлердің лагерлеріне жеткізуге мүмкіндік беретін 83 жарлыққа қол қойды. Мұның бәрі тиісті рәсім мен азаматтық құқықты құрметтеместен орындалып жатыр. Адамдар “телефон арқылы бағалау” арқылы қарулы күштердің медициналық ұрлаудың нысаны бола алады, ал америкалық азаматтарды медициналық мақсатта ұрлау “уақытша карантиндік және оқшаулау мекемелеріне” мәжбүрлеп орналастыру “деп белгіленеді. Басқаша айтқанда, FEMA секілді концлагерьлер қазірдің өзінде бар, ал covid – америкалықтарды жаппай тұтқындауға және өлтіруге себеп болады. Бұл дегеніміз covid plandemic-тің атын жамылып, өлім лагерлеріне орналастыру.

Желіде тараған хабарлама

Үкім: Жалған

Шынында да, 6 тамызда АҚШ-та Теннесси губернаторы Билл Ли № 83 жарлыққа қол қойды. Бұл жарлық 5 қазанға дейін күшіне енді. Алайда жарлықтың мақсаты ұлттық гвардияға “медициналық мақсатта адамдарды ұрлауға” рұқсат беру туралы емес, тек COVID-19-бен күресу үшін ресурстарды кеңейту жайлы еді.

Бұл ақпараттың тарауына вакцинаға қарсы көптеген материал жазатын Vaccines.news сайты себепкер болды. Мұнда коронавирусқа байланысты көп фейк ақпарат жарияланады. Мысалы COVID-19-дың жоқ екені немесе Байденнің бұйрығымен шекараны вакцина екпей өткен адамдарға қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жайлы жазылған.

№ 83 жарлық не туралы және фейк қалай пайда болды?

Бұл жарлықта Теннеси штатының губернаторы Денсаулық сақтау жүйесіндегі басшылардың ереже қабылдау барысында икемділігі жоғары болуы туралы, сонымен қатар, экономиканы қалпына келтіруге, мемлекеттің федералды бағдарламаларын орындауға кепілдік беру жайлы айтылған.

  • Жарлық штаттан тыс медициналық қызмет көрсетушілерге COVID-19-ға қарсы көмектесіп, штатта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, зейнетке шыққан медицина қызметкерлеріне жұмысқа оралуға мүмкіндік береді. Ал Денсаулық сақтау комиссары олар жасау үшін лицензия, сертификат немесе тіркеуді ұсына алады.
  • Жарлық лицензия алып үлгермеген медицина мектебінің түлектеріне тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.
  • Денсаулығы психикалық дағдарыс кезеңін бастан кешірген пациенттерді бағалау мәжбүрлі міндеттеме жағдайында телефон арқылы да жүргізілуі мүмкін. Алдын-ала іріктеуді жүргізетін агент оларды жеке бағалауға қабілетті болуы керек.

Жарлықтың 8, 14 және 18-тармақтары фейк тарауына түрткі болды

8-тармақта Денсаулық сақтау жүйесіне ауыртпалықты азайту үшін ұлттық гвардия мен мемлекеттік гвардия күштерін пайдалану мүмкіндігі туралы айтылады. Яғни, ұлттық гвардия коронавирусты анықтайтын тест барысында медицина қызметкерелірне көмектеседі. Жалпы ұлттық гвардия мен мемлекеттік гвардия туралы тек 8-тармақта айтылған.

Жарлықтың 14-тармағы ауруханаға жатқызу үшін жеке тексеріс кезінде емес, телефон арқылы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Алайда, бұл шарт барлық адамға емес, тек психикалық ауруы бар немесе эмоционалды ауруы бар адамдарға қатысы.

Ал 18-тармақта коронавирусқа қарсы күресуге аурухана мен обсерватория құрылысы керек екені айтылған. Яғни, қастандық теориясын жасаушылар айтқан мәлімдемедегідей емес.

Қорытынды

Жарлық Теннеси штатында пандемияға қарсы күресу үшін ұлттық гвардияны медицина қызметкерлеріне коронавирусты анықтайтын тест барысында көмектесуге және вирусты тоқтатуға басқа да шаралар ұсынылған. Желідегі хабарламадағыдай адамды тұтқындап, өлтіру жайлы ештеңе жазылмаған. Жарлықта барлық шара толықтай ашық көрсетілген.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz