Жалған ақпаратты жұмыла жеңейік

“Шындыққа әркімнің-ақ бар таласы” кампаниясын бастаған 11 күннің ішінде оқырмандарымыз 129 транзакция жасап, 400 000 теңге жинапты.

Бізді қолдап, материалдарымызды бөлісіп, бізге қаржы бергендеріңіз үшін, бізді оқығандарыңыз рахмет айтамыз. Мемлекеттің өзі еңсере алмай отырған қиын-қыстау кезеңде жақындарыңның қолдауын сезгеннен артық бақыт бар ма?! Бізді бақытты еткендеріңіз үшін рахмет!

Біз, Factcheck.kz тәуелсіз ресурсының командасы сіздердің әр қолдауларыңыздан шабыт аламыз, әр қолдауларыңыздан өзімізге деген жылулық пен махаббатты сеземіз. Сондықтан да, ешкімнің айдауымен жүрмей, айтқанына көнбей сіздердің сенімдеріңіз бен үміттеріңізді ту ғып келеміз. Біз сіздерді құрметтейміз және жақсы көреміз!

Ақпараттық кампанияны бастаған 11 күнде 400 000 теңге жиналды. Бұл – kaspi.kz арқылы жасалған 129 транзакция. Бұл сіздердің әрқайсыларыңыздың өтіріктен арылуға деген, жалған ақпараттан құтылуға қосқан үлестеріңіз. Сіздердің маңдай терлеріңізбен тапқан қаражатты біз күн-түн ізденіп, аянбай еңбек етіп жүрген 3 журналиске қаламақы ретінде бердік.

Бізге қаржылай қолдау білдірген оқырмандарымыздың басым көпшілігін өмірде танымаймыз. Бүгін, транзакция жасаған оқырмандарымыздың тізімін жарияласақ деп ойлағанбыз. Алайда, өздеріңіздің өтініштеріңіз бойынша кімнің қанша ақша бергенін құпия қалдыруды жөн көрдік. Десе де, әр айдың басында жиналған қаржы мен салымшылар туралы ақпаратты жариялап, өздеріңізбен бөлісіп отырамыз.

Біздің кейбір әріптестеріміз бен оқырмандарымыз “Сендер қайыр сұрап жатырсыңдар ма? Журналистерді ұятқа қалдырмасаңдаршы” деген пікірлер де айтты. Жоқ! Біз ешкімді де ұятқа қалдырғымыз келмейді. Біздің мақсатымыз қаржыландыру көзінен тәуелсіз болу, ешкімге алақан жаймау, тек оқырмандарымызға сенетін, нағыз халықтық жобаға айналу. Себебі, әркімнің де шындыққа таласы бар, әрқайсысымыз тексерілген әрі нақты ақпарат алуға құқылымыз.

Естеріңізге сала кетейік, бізді Kaspi.kz бағдарламасы арқылы қолдауға болады. Бағдарламаның “Платежи” бөліміне кіріп, “Благотворительность” батырмасын басып,  Factcheck.kz сайтын таңдаңыз

  • Жалған ақпаратты жұмыла жеңейік
  • Жалған ақпаратты жұмыла жеңейік
  • Жалған ақпаратты жұмыла жеңейік
  • Жалған ақпаратты жұмыла жеңейік
  • Жалған ақпаратты жұмыла жеңейік

Егер, дәл қазір қаржылай көмек білдіруге мүмкіндігіңіз болмаса, осы постты бөлісіңіз. Жалған ақапаратпен күресу жөнінде, оны анықтау жолдарын барша отандасымыз білгенде ғана жалған ақапаратты тоқтата аламыз. Ендеше, кеттік!

Қазақстандағы жалған ақпаратпен күреске қолдау білдіргені үшін Kaspi.kz-ке алғыс білдіреміз. 

Осы уақыт ішінде бізге сенім білдіріп, бізді қолдағаны үшін оқырмандарымызға деген алғысымыз шексіз!

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz