Зерттеу: Ресейде федералды арналардың аудиториясы азайған

Ресей Украинаға басып кіргелі Ресейдегі мемлекеттік телеарналардың аудиториясы шамамен төрттен бірге азайды. Бұл туралы The Moscow Times сайты хабарлады.

“Ромир” зерттеу компаниясы ресейліктердің ақпарат тұтынуына әлеуметтік-экономикалық жағдайдың әсерін талдаған.

Социологтардың дерегінше, “Первый канал”, “Россия 1” және НТВ арнасының аудиториясы төмендеген. Федералды арналардың көрермені азайға тұста (ақпан мен шілде аралығы) Telegram қолданушыларының саны 19,1%-тен 26,8%-ке өскен.

Мысалы Первый канал 33,7%-тен 25,5%-ке, “Россия 1” аудиториясы 30,9%-тен 23%-ке, ал НТВ аудиториясы 21,1%-тен 16,6%-ке төмендеді.

Контекст

  • The Moscow Times жазуынша, Ресей Украинаға соғыс ашқалы мемлекеттік арналарда ойын-сауық бағдарламасы азайып, әскери пропаганда көбейген.
  • Ресей Украинаға басып кіргелі Ресейде азаматтық қоғам мен тәуелсіз медиаға қысым көбейді. 24 ақпаннан бері «Роскомнадзор» 181 медианы бұғаттаған, бұдан бөлек 21 редакция жұмысын толық немесе уақытша тоқтатқан. Ал 11 медиа Ресей-Украина соғысы туралы жазуды тоқтатқан.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz