Zertteu: ОСК референдумды жарнамалау үшін 383 миллион теңге төлеген

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) референдумға байланысты бірнеше медиамен 38 келісім шартқа отырып, 383 миллион теңге төлеген. Бұл туралы «Zertteu Research Institute» парақшасында хабарланды.

Референдумды жарнамалауға бөлінген қаржыны ақпараттық порталдар, баспа, республикалық телеарналар және радиостанциялар алған. Тараптар арасындағы келісім шарт 25 мамыр мен 1 маусым аралығында мемлекеттік сатып алу порталында жасалған.

  • Мәселен, «Internet Portal Nur» тендер шартына сәйкес, Nur.kz және Tengrinews.kz сайтында ақпараттық баннер жариялағаны үшін 38,9 млн және 24,5 млн теңге алуы тиіс;
  • «31 арна» референдум туралы 90 минуттық «видео жариялағаны» үшін 19,5 миллион теңге алады;
  • Ал «Love Radio» радиосы эфирде референдум туралы «100 рет хабарлағаны үшін» 9,6 миллион теңге алады.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, референдумға 16,4 млрд теңге бөлінген. ОСК өкілі Сәбила Мұстафинаның айтуынша, бұл соманың 80%-i комиссия мүшелеріне еңбекақы төлеуге, 20%-i учаскелік комиссияларды жабдықтауға жұмсалған.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz