Зерттеу: Facebook-те фейктерді жастарға қарағанда үлкендер жиі бөліседі

The Verge хабарлауынша жастарға қарағанда үлкен кісілер Facebook-те фейк жаңалықтарды жиі бөліседі екен. Мұндай шешімді Пристон және Нью-Йорк университетінің ғалымдары жасады. Олар өз зерттеулерінде 2016 жылы АҚШ-тағы президенттік кампания кезінде дезинформацияның қалай тарағанын қарастырған.

Нәтижесінде Facebook-те сенімсіз ақпаратты 65 жастан жоғары 11% қолданушы бөліссе, мұндай әрекетті 19-29 жас аралығындағы 3% азаматтар ғана бөліскен. Фейк жаңалықтарды тарату да осыған ұқсас: 65 жастан үлкен қолданушылар 45-65 жас аралығындағылардан екі есе және 18-29 жас аралығындағы жастардан 7 есе көп бөліскен. Дегенмен зерттеу авторларының бірі Эндрю Гесс адамдардың бірдей идеологиялық және саяси көзқараста болуы мүмкін екенін назарда ұстаған жөн деп есептейді. «Фейктерге жасы үлкен консерваторлар ғана алданбайды. Бұл адамның басқа қырына тәуелді емес факт», – дейді ол.

Зерттеу 2016 жылы АҚШ-та болған президенттік кампанияға дейін және кейін жүргізілді. YouGov зерттеу фирмасымен бірлесіп ғалымдар 3500 адамды таңдап алды, олар сайлаудан кейін өздеріне арнайы бағдарлама орнатты. Бағдарлама Facebook-тегі мына мәліметтерді есептейді: көпшілікке қолжетімді ақпарат, діни және саяси көзқарас, жазылған адамдардың өз парақшаларына жариялаған посттар. Қатысушылар ғалымдармен бөліскісі келетін ақпаратты таңдау мүмкіндігі болды. Ғалымдарға олардың жаңалықтар лентасы мен достары қолжетімсіз болатын.

Зерттеу: Facebook-те фейктерді жастарға қарағанда үлкендер жиі бөліседі
Дереккөз: Science Adnaces

Нәтижесінде қатысушылардың 49%-ы өзі туралы ақпараттарды ұсынды. Зерттеушілер олар парақшаларында бөліскен ақпараттың сілтемесіндегі сайт пен жалған ақпарат таратқан сайттардың тізімімен салыстырып қарады. Солардың бірін BuzzFeed журналисі Крейг Силверман жасады, басқалары Snopes және Politifact материалдарын негізге алды.

Зерттеушілер «Жалған ақпаратқа жастарға қарағанда неге үлкендер көбірек сенеді?» деген сұраққа нақты жауап бере алмады, бірақ екі нұсқаны ұсынып отыр:

Біріншісі – сандық сауаттылықтың болмауы, өйткені үлкен кісілер интернет қолдануды басқалардан кейін бастады.

Екінші түсініктеме – қартайғанда қашып құтылу мүмкін болмайтын когнитивті ойлаудың нашарлап кетуі. Ол ақпаратты қабылдауда әсер етеді.

Орыстілді әлеуметтік желілердегі фейк жаңалықтардың үлкен буынға әсері туралы зерттеу әзірге жоқ.

Қазақстандық 56-65 жастағы 14% әйел мен 9% ер азаматтар «Одноклассники» желісінде тіркелген (2018 жылғы мәлімет).  «Мой мир» желісіндегі 55 және одан жоғары жастағылар 12,6% құраса, Facebook-те 4,6%  болған (2015-2016 жж. мәлімет).

Сандық сауаттылықтың төмендігі туралы бірнеше зерттеулерде айтылған болатын, бірақ бұл қабілет жас талғамайды және көп қолданушыларда ақсап тұр. Мәселен, Үндістанда болған бірнеше өлімнен кейін WhatsApp желісінде әртүрлі алып-қашпа әңгімелер тарап кетті. Мұнда да адамдардың сандық сауаттылығының төмендігі себеп болып тұр. Шынында, адамның сандық тұрғыдан сауатты екенін қалай анықтауға болады? Әзірге сұрақ ашық.

Зерттеуші Мэттью Генцкоу егер адамдардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыратын болсақ технологиялық платформалар нәтижелі болады деп есептейді. Бұрынырақ Генцкоу Facebook-тың әлеуметтік желілердегі фейктің таралуын азайтуын зерттеген.

Келесі шешім дизайнда: қазір Facebook лентасынағы барлық жаңалықтар бірдей көрсетіледі. Қолданушы NY Times сілтемесі мен кезекті кликбейтті ажырата алуы керек. Неге осыны қолайлы етпеске? Келесі зерттеулерден адамдар жаңалықтар лентасынан нені көреді және көргені мен бөлісетін жаңалықтарының арасында байланыс бар ма, соны анықтайды. Қолданушылар фейкті сенетін адамдарынан көрсе, жиі бөліседі деген болжам бар.

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz