Зеленскийдің саясатына көңілі толмайтын украиналықтар желіде флешмоб бастады ма?

Қарашаның басында ресейлік және украиналық ақпарат кеңістігінде #LightOnZelenskyyOff (сөзбе-сөз аударсақ – «Жарықты жағу, Зеленскийді өшіру) флешмобы туралы ақпарат тарай бастады. Оны билік әрекетіне көңілі толмайтын украиналық Twitter қолданушылары бастапты-мыс. Аккаунттар электр жарығын кейде өшіріп тастайтынына көңілі толмай, 1 қараша күні қарсылығын жеткізу мақсатында жаппай электр құрылғыларын қосуға шақырды. Украина билігі мұны сырттан біреу ұйымдастырған өте қауіпті арандату шарасы деп атады. Кремльшіл БАҚ, паблик пен интернет қолданушылары «қарсы көңіл күйдегі» және «көзі ашылған» Украина азаматтарының саны артып жатқанын (1, 2, 3, 4) жазды.

«Кедейлік пен электр энергиясын үнемі өшіріп тастайтынына зығырданы қайнаған украиналықтар әлеуметтік желілерде #LightOnZelenskyyOff  хэштегімен флешмоб ұйымдастырды. Осылайша олар Украина Президенті Владимир Зеленскийдің саясатына қарсылығын білдіргісі келді», – деп хабарлады Pravda.ru.

Осындай тегті расымен украиналықтар бастады ма және интернет қолданушылардың көңіл күйі жоғарыда атап өткендей ме — Factcheck.kz тексеріп көрді.

Үкім: Манипуляция

Біз осы тег қолданылған барлық постты, 1 қарашаға (флешмобтың аяқталған күні) дейінгі және кейінгілердің бәрін талдап, мынадай нәрсені анықтадық:

  • #LightOnZelenskyyOff туралы алғашқы хабарламаларды 27 қазанда екі қолданушы таратқан, олардың парақшасы күмәнді және Botometer құралымен тексергенде бот болуы мүмкін екені анықталды.
  • 5 күн ішінде тегке тағы 18 аккаунт қосылған, олардың бәрі де күмәнді. Сонымен, жалпы 20 пост жарияланды, әрқайсысында бөлісу және лүпіл саны өте аз.
  • 1 қарашада бұл ақпаратты медиа тарата бастауына байланысты кілт сөздерді қолданғандар саны күрт артқан. Дегенмен олардың көпшілігі хэштегті қолдаушылар емес, керісінше, үнемдеу тәртібін жақтайтынын көрсетіп, қарсы акция ұйымдастырған украиналықтар.

Толығырақ

Қазанда Ресей бірнеше рет украиналық инфрақұрылымға шабуыл жасады, соның салдарынан энергожүйеге артық жүк түсті. Қазір елдің бір бөлігі ерікті түрде, бір бөлігі жарықты өшіру кестесі бойынша электр энергиясын үнемдеуге көшті. Посттарда биліктің дәл осы әрекеті сыналған.

  • Зеленскийдің саясатына көңілі толмайтын украиналықтар желіде флешмоб бастады ма?
  • Зеленскийдің саясатына көңілі толмайтын украиналықтар желіде флешмоб бастады ма?
  • Зеленскийдің саясатына көңілі толмайтын украиналықтар желіде флешмоб бастады ма?

Әуелгі посттардан көрініп тұрғандай, флешмоб 1 қарашада басталуы керек еді, сол себепті біз 01.11.22-нен кейін қандай өзгеріс болғанын талдадық. Алғашқы #LightOnZelenskyyOff тегтері 27 қазан күні екі ұқсас аккаунтта 1 сағаттай айырмашылықпен жарияланған (мында және мында). Екі парақшада да (@BalashovaMilan1 және @NovikovaVarvar3) жеке дерек аз және 2022 жылдың 15 сәуірінде тіркелген. Мекенжайы Киев және Харьков деп көрсетілген, бірақ айта кету керек, Twitter-де қолданушы шын мәнінде қайда екеніне қарамастан кез-келген локацияны таңдай алады. Біз тексерген уақытта лентадағы жазбалар саны шамалас болды (17 және 18) және 94%-ы (#LightOnZelenskyyOff хэштегі бар твиттерден басқасының бәрі) ретуит (біреудің туитін бөлісу). Жазбаларды жариялау кестесі апта күндері бойынша бірдей (санына қарай емес). Екі аккаунттың да соңғы белсенділігі 27 қазандағы хэштегі бар және кейінгі бес айдағы алғашқы пост.

Botometer-дің парақшаларға жасаған талдауы, скриншот

Боттарды анықтауға арналған Botometer құралымен парақшаларды тексерген ек, екі қолданушының да әрекеттері ботқа ұқсайтыны анықталды. Кейінгі бес күнде қозғалысқа тағы 18 аккаунт қосылды. Tweetdeck көмегімен 20.10.22 бастап 31.11.22 дейін бізге қажетті хэштегпен жалпы 11 пост таптық, сондай-ақ желі қолданушылары жасаған скриншот бойынша жойылған/жоғалған 9 постты анықтадық. Сонымен флешмобқа шамамен 20 аккаунт қатысқан. Олардың әрқайсысын біз Botometer арқылы тексердік. Нәтижесінде флешмобты бастаған екі аккаунтты қосқанда жалпы 14 парақша ықтимал бот деп тіркелсе, 3-еуі жойылған. Тек 3 парақша ғана шынайы болуы мүмкін. 20-ның 12-і 2022 жылы тіркелген.

Айта кетсек, болжам бойынша шынайы деп отырған парақшалар итальян, француз, фин және арасында ағылшын тілінде жүргізіледі. Флешмобқа қатысқан тағы бір шетелдік парақша – @EnricoFaraboll1 2022 жылдың 11 наурызында тіркелгенімен 40 248 хабарлама жариялап үлгерген және оның кейінгі 200-і тек дүйсенбі (89) және сейсенбі (111) күндері салынып отырған.

Зеленскийдің саясатына көңілі толмайтын украиналықтар желіде флешмоб бастады ма?

Адамдардың фотосы сақталған үш парақша (1, 2, 3) мен жойылған біреуінде ғана бар. Фото арқылы тек бір адамды анықтадық (Botometer парақшаны бот болуы ықтимал деп бағалады). Одессалық Глеб Попович басқа әлеуметтік желілерде харьковтік Дмитрий деп тұр. Twitter-де жарияланған сурет 31 қазанда, яғни тегті қолдау туралы ұсыныс жарияланған күні түсірілген. Сол себепті сурет украиналық қолданушының ашық аккаунтынан кездейсоқ тәсілмен ұрланған деп болжаймыз. Қазіргі Дмитрийдің желідегі барлық парақшасы қолжетімсіз болып ауысқан.

  • Зеленскийдің саясатына көңілі толмайтын украиналықтар желіде флешмоб бастады ма?
  • Зеленскийдің саясатына көңілі толмайтын украиналықтар желіде флешмоб бастады ма?
  • Зеленскийдің саясатына көңілі толмайтын украиналықтар желіде флешмоб бастады ма?

Қатысушылар саны аз әрі күмәнді екеніне қарамастан, ресейлік билікті жақтайтын БАҚ пен әлеуметтік желілердегі пабликтер (1, 2, 3, 4) «Twitter-де Зеленскийге қарсы флешмоб ұйымдастырылды» және «адамдар Украина президентінің жарықты үнемдеу туралы өтінішін ескермей, #LightOnZelenskyyOff тегімен жанып тұрған жарықтың фотосын жариялап жатыр» деп хабар таратты. Десе де 1 қарашада флешмоб туралы ақпарат жаңалық түрінде тарағаннан кейін акция шынында белең ала бастады. Посттар саны 262-ге дейін жетіп, ал ретуит 1000-ға жуықтады. Авторлардың барлығы дерлік Украинадан болатын. Оқиға Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің назарын аударып, мекеме ресми мәлімдеме жасап, флешмобты боттар ұйымдастырғанын хабарлады. «Марафон» қалайша осыншалықты танымал болып кетті? Түсіндірейік.

31 қазанда @eTe_ua атты қолданушы #LightOnZelenskyyOff туралы дөрекі сөздер айтып, жауап ретінде #ResponsibleUkraine хэштегімен Украина тұрғындары өз еліне энергожүйені сақтауға қалай көмектесіп жатқаны туралы айтуға шақырды. Бірақ оның ойы жүзеге аспай, #ResponsibleUkraine қолдау таппады (екі ғана пост бар). Дегенмен 1 қарашада #LightOnZelenskyyOff хэштегін белгілеушілер саны күрт артып кетті және оның көбі – украиналықтардың арандатуға жауабы. Қатысушылар көңілі толмайтындарға электр құрылғыларын (резеткіні қосқанда) су қолмен (1, 2, 3), металдарды (1, 2, 3) жақындатып ұстауды, сондай-ақ, ел электрсіз қалай күн көріп жатқаны туралы фотоstories (1, 2) салуды да ұсынды. Бір қызығы, ҰҚҚК (Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңсесі) тек жауап трендті көрген тәрізді, себебі олар таратқан хабарламада үнемдеуді қолдаған желі қолданушылары белгіленген.

Қорытынды:

  1. Әуелде #LightOnZelenskyyOff флешмобының мақсаты арандату сипатында болды және адамдардың Украина билігіне көңілі толмайтынын көрсету еді. Қатысқан парақша саны аз, кім екені белгісіз және шынайы адамдардың парақшасына ұқсамайды. Сол себепті біз тег жасанды жолмен, әлдебір елдің қатысуымен (нақты белгісіз) ұйымдастырылды деген болжамға келеміз.
  2. 1 қарашадан кейін украиналықтар расымен #LightOnZelenskyyOff флешмобына қосылды, бірақ олар қарсылығын білдіру үшін емес, қолдау мен түсінетінін көрсету ниетте еді. Сол себепті акцияның мәні өзгеріп, елде аса ірі энергетикалық дағдарысты болдырмау үшін адамдарды біріктірді.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz