Заңгерлер мен құқық қорғаушылар “кибербуллиңге” қатысты түзетулер жайында не дейді?

Жақында Мәжілістің екінші оқылымында депутат Айдос Сарым және Динара Закиеваның ұсынған заң жобасының түзетуі мақұлданып, Сенатқа кетті. Депутаттар бұл заң жобасы балаларды кибербуллиңнен қорғау үшін әзірленді дегенді алға тартса да, кейбір тұсы тым күмәнді, ал белсенділер заң жобасы желіні бұғаттауға мүмкіндік береді және цензураға алып келеді деп алаңдайды. Осы тұста Newreporter.org заң жобасы қабылданған жағдайда салдары қандай болатынын заңгер Гүлмира Біржанова мен Игорь Лоскутовтың және құқық қорғаушы Әрсен Әубәкіровтің пікірін білді.

«Құқықтық медиа орталығының» заңгері Гүлмира Біржанованың сөзінше, бұл түзетулер бала құқығын қорғау туралы заң шеңберінен әлдеқайда асып түседі. Бұған қоса заң жобасында ескеретін маңызды үш жайт бар екенін айтты.

Біржанованың айтуынша, бұл түзетулер бала құқығын қорғау туралы заң шеңберінен әлдеқайда асып түседі. Сонымен қатар, бұны “байланыс туралы Заңның” саласына жатқызуға болатынын мәлімдеді. Екіншіден, бұғаттауға арналған жаңа негіздер қамтылған. Үшіншіден, осы заң аясына енетін әлеуметтік желілер Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен байланысу үшін заңды өкілін тағайындау қажет. Заңгердің сөзінше, егер әлеуметтік желі бұғаттауға қатысты сұрауды орындаудан бас тартса не болатыны түсініксіз.

“ИнфоТех&Сервис” ЖШС заң бөлімінің басшысы Игорь Лоскутовтың сөзінше, заң жобасындағы екі түзету түсініксіз. Біріншіден, онда “кибербуллиң” туралы нақты айтылмаған. Екіншіден, түзетулерге сай бұқаралық ақпарат құралдарына жауапты уәкілетті орган ҚР қандай ақпаратты шектеу керегін өзі анықтайды. Бірақ қандай шектеу екені нақты айтылмаған.

«Human Rights Consulting Group» қоғамдық қорының директоры Әрсен Әубәкіровтың айтуынша, Парламент қарауындағы түзетулер адам құқығының бұзылуына бірден әсер етпесе де, сөз бостандығына, адам құқығын шектеуге және бұзуға бағытталған үлкен қадам.

Кибербуллиңмен күресу үшін басқа да мүмкіндіктер бар. Мұнда ең басты мақсат кибербуллиң еместігін түсіну қиын емес.

Әрсен Әубәкіров

Бұған қоса, Әубәкіров платформалар заңға қайшы контентпен жүйелі түрде күресе алатынын айтты.

Контекст

  • Қазақстанда әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын шектеуге мүмкіндік беретін түзетулерді қабылдаудан бас тарту жөнінде петицияға қол жинау басталды. Әзірге шамамен 4000-нан астам адам петицияға қол қойды.
  • Біз Сарым-Закиева түзетулері деген атаумен танылған дәлелі әлсіз заң жобасы туралы былтыр да жазған едік. Биыл сол заң Сенаттың қарауына жетті. Бұл, шынтуайтынында, алаңдарлық жағдай. Екі кезең ғана қалады, содан кейін жағымсыз өзгерістер басталуы мүмкін. Қарапайым қазақстандықтар, оның ішінде блогерлер, БАҚ пен белсенділерге емес, шенеуніктерге ғана пайдалы өзгеріс. Толығырақ мына материалда.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz