YouTube Тигран Кеосаянның арнасын бұғаттады

YouTube видеохостиңі ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаянның “Кеосаян Daily” арнасын бұғаттады. Бұл туралы жұбайы, “RT” телеарнасының бас редакторы Маргарита Симонянның Twitter-дегі жазбасына сілтеп, “Настоящее Время” сайты хабарлады.

“YouTube Тигранның арнасын бұғаттады. Әдеттегідей себебін түсіндірген жоқ, бұларда әрдайым солай. Не болса да, Кеосаян бақытты” деп жазды Симонян.

24 сәуірде Кеосаян өз YouTube арнасына Қазақстан билігінің 9 мамырда шеру өткізуден бас тартқандығы туралы даулы видео жариялады. Онда Кеосаян Қазақстанға сес көрсете сөйлеп, «Украинаға қарап, жақсылап ойланыңдар, оң-солдарыңды дұрыстап таныңдар» деген мағынада мәлімдеме жасады.

Кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Кеосаянның Қазақстанға кіруіне тыйым салынғанын хабарлады.

Тигран Кеосаян Еуроодақ, Ұлыбритания және Канаданың санкция тізіміне енді. Канада билігі оны және басқа да санкция тізіміне енген тұлғаларды «мемлекеттік жалған ақпарат пен үгіт-насихат агенттері» деп сипаттады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz