YouTube Дональд Трамптың арнасын бұғаттан шығарады

YouTube АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың арнасын “зорлық-зомбылықтың қауіпті деңгейі” азайған бұғаттан шығарады. Бұл туралы Google компаниясының видео хостинг платформасы басшысы Сьюзан Войчицки мәлімдеді.

«Біз зорлық-зомбылық қаупі азайғанын анықтаған соң Дональд Трамп каналына жұмыс жасауға мүмкіндік береміз», – деді Войчицки.

Youtube басшысы мысал ретінде Капитолий полициясының қауіпті шабуыл жайлы ескертуі азайса “зорлық-зомбылық қаупі төмендейтінін” айтты.

Сонымен бірге, АҚШ құқық қорғаушыларының жұмысының азайғанын байқаған кезде және қауіп жайлы ескертулердің азайған соң канал жұмысын жалғастырады ескертті.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz